Түлкібаста рухани-ағарту орталығы ашылды

385
"Бір тал кессең он тал ек" деген қағидатпен қариялар ағаш отырғызды

 

Тұрар Рысқұлов ауылында рухани ағарту орталышы ашылды

Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылында православ мәдениетінің рухани-ағарту орталығы ашылды. Салтанатты жиынға аудан басшылығы, халық қалаулылары, діни басқармалардың өкілдері мен ауыл тұрғындары жиналды. 

Епархия тарапынан медаль, мақтау және алғыс хаттар табысталып болған соң проваслав мәдениетінің рухани ағарту орталығы салтанатты түрде ашылды.

Орталықтың жаңа ғимаратында жасөспірім топ пен Фавор клубына жиналған жастар болады. Солардың бірі Виктория Холкина. Ол орталықтың жаңа ғимаратқа ауысқанына қуанышты.

 

«Бір тал кессең он тал ек» деген қағидатпен қариялар ағаш отырғызды

«Мұнда барлық жаңа нәрселерге үйренеміз. Өзі-өзін қалай ұстау керектігін білетін боламын»,-дейді ол. 

Жарық бөлмелер, кітапхана, асхана яңни оқу мен бос уақытты өткізуге арналған орынды қадірлі қонақтар да аралап көрді.  Мерекеге орай, жиналған қауым аудандық саябақта тал екті. Бұл оңды бастамаға аудан ақсақалдары мен ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қолдады.

Іс-шара мерекелік концертке жалғасты. Сахнада жергілікті жас өнерпаздар өнер көрсетті.

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZSNxJ9whQ-o[/youtube]