Бүгін Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша эпидемиологиялық тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралыбізге «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының басшысы Жанетта Жазықбаева мәлімдеді.
Естеріңізде болса, өңірде 12 жасар баланың ВИЧ-ті жұқтырғаны 7 жылдан соң ғана анықталған болатын. Науқас бүлдіршіннің ата-анасы «ұлымыз дертті Шымкенттегі ауруханалардың бірінде жұқтырды, оны дәрігерлер дер кезінде анықтамаған» деп шағымданып еді.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарған. Енді баланың ВИЧ-ті қайдан, қашан жұқтырғаны 12-қарашаға дейін анықталуы тиіс.
«Егер шын мәнінде 2006 жылғы ауруханаішілік ошақтан жұқтырғаны анықталса, дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін»,- дейді Жанетта Жазықбаева.