“Жас Отан” жастар қанатының II съезінен оралғандар болашаққа жоспар құруда

456
"Жас Отан" жастар қанатының II съезіне қатысқан Оңтүстіктің жастары дөңгелек үстел өткізді
Дамир Жүнісов Елбасының жастар үшін жасап отырған жағдайының таптырмас мүмкіндігі мол екенін айтты

Өңіріміздегі жастар орталығы ғимаратында “Нұр Отан” Халықтық Демократиялық Партиясы “Жас Отан” жастар қанатының II съезіндегі тапсырмаларына сәйкес дөңгелек үстел өтті. “Арман! Еңбек! Сенім! Өркендей бер, туған елім!” тақырыбы аясында өрбіген басқосуда Астана қаласында өткен сьезден келген жастар мен аудан-қалалардың жастар орталығы төрағалары Елбасының ұсынған мемлекеттік бағдарламаларын талдады. Алдағы уақытқа жоспар түзді. 

Ханай Әшірбеков: «Бұл съездте айтылған жұмыстар бір күнде шешілетін жұмыстар емес. Сондықтан, белгілі бір жүйе қалыптастыруымыз маңызды дер едім. Бүгінгі басқосуда да талай шаруларды қолға алудың әдіс-тәсілдері сөз болып отыр. Қарап отырсақ, бізде расында да жаздыгүні шілде айынан бастап жас кәсіпкерлер мектебі ашылып, білім алуда. Кім біліпті, мәселен біз бұл кәсіпкерлер мектебінің съездте сөз болатынын білген жоқпыз ғой. Сонымен айта кетейін, біз бүгін кеңесіп, алғашқы жұмыстарды жасауға бел будық. Ал мұны біз еріктілер мен жас кәсіпкерлерден бастағалы отырмыз».

Ал Оңтүстік жастары Астана қаласында өткен сьезде жас кәсіпкерлер мектебі басты назарда қаралады деп ойламаған еді. Себебі, бұл бастама шілде айында Елбасының тапсырмасынан бұрын қолға алынған.17-қыркүйектен бастау алған оқу процесі ағымдағы жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғаспақ. Айта өтейік,жыл соңына дейін талапкер 400 жас білімін жетілдіріп,бизнес жоспары үздік танылған 50 жас кәсіпкер 3 миллион теңге – қайтарымсыз қаржыға ие болады. Алайда жастар қауымы қолдаусыз қалатын 350 жас кәсіпкердің жағдайына алаңдайды.

Жанар Абдуллаева, Қазығұрт аудандық «Жастар орталығы» МКМ директоры: «Өте дұрыс-ақ, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету маңызды. 50 жас кәсіпкерге көмектескеніне де келісеміз. Бірақ білімін жетілдірген 350 жастың жағдайы не болмақ?! Оларға кепілдіксіз несие берілмейді ғой. Ал енді ғана аяғынан тұрған замандастырымызда кепілдік қайдан болсын?! Сондықтан осы мәселеге де халық қалаулылары баса назар аударып, мәселе оң шешімін тапса деймін. Сонымен қоса баспана мәселесі бар. Жас отбасыларға қиын болып отыр емес пе?! Сондықтан далада қалдырмай, «Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасы да тиімді көмегін бере алса дұрыс болар еді. Сол үшін де бұл съездің маңызы зор деп есептеймін».

Сонымен, жиын соңында жастолқын жоспарлары бойынша кеңесіп, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың жолын қарастырды. Себебі, республикамызда 14-29 жас аралығында 5 млн жас болса, оның басым бөлігін Оңтүстікқазақстандықтар құрайды.