«Сәтті қадам» жобасы жалғасын тапты

343
сұхбатта 10 сұрақ қойылды

Балнұр Ержан «Сәтті қадам» жобасының сәттілік сыйлайтынына сенеді. 19 жастағы бойжеткен жобаға биыл алғаш рет қатысып отыр. Бүгінде ол «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында облыс әкімдігі апаратында қызмет етеді. Комиссияның алдында алғашқылардың бірі болып сұхбаттасқан Балнұрға сауалдарға жауап беру оңайға түскен жоқ.

Балнұр Ержан
Балнұр Ержан

Балнұр Ержан, жас маман: «Қобалжуды сезіндім, қандай сұрақтар қойылады деп уайымдап жүрдім. Бірақ ойымдағыдай сұхбат болды, маған ұнады. Ең қиын болған сұрақ та есімде. Жеткен жетістіктерімді сұрады, осы сауалға келгенде тосылып қалдым. Себебі, менің алар асуларым әлі алда деп білемін. Алдағы жоспарым – абыройлы қызметке орналасу, жақсы жалақы алу. 100 мың теңгеден жоғары еңбекақы алсам деген ойдамын.»

«Сәтті қадам» жобасы осыдан 1 жыл бұрын қолға алынған. Оған 25 адам өтініш білдіріп, 6-уы тәжірибеден сәтті өткен. Ал биыл жобаға 80-ге тарта жас маман қатысуға құлық танытыпты. Енді олар үшін жаңа жоба жаңа жұмыс орны мен жаңа бастамаларды таныстырады. Ең бастысы, іс-тәжірибе беделді компанияларда тегін жүргізіледі. Бірақ жоба қатысушыларына қойылатын талап та қатаң.

Бауыржан Молдабеков, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: «Қатысушылардың жұмысқа деген қызығушылығына, олардың сауаттылығына қараймыз. Жұмыс орнында өзін қалай ұстайтынын да сұраймыз. Бұдан бөлек, ағылшын тілін де жетік меңгерген болуы тиіс. Қазір экономика дамыған заманда  олардың көп тілді білуі де дұрыс.»

сұхбатта 10 сұрақ қойылды
Сұхбаттасу барысы
жобаға қатысуға 80 адам тілек білдірген
Жобаға қатысуға 80 адам тілек білдірген

Айта кетейік, өткен жылы қолға алынған «Сәтті қадам» жобасы бойынша 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл да іріктеу шарасынан өткен жастар беделді қызметтерде бағын сынап көрмек.