Қазақстандағы Халық банкі зейнетақы қоры салымшыларының жинақтары рекордтық көрсеткішке яғни 1 триллионға қол жеткізді. Бұл дегеніңіз сенім мен салымшының артқаны. Сондықтан болар, еліміздің барлық облысында салымшыларына мүлтіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан зейнетақы қоры Шымкент төрінен де жаңа офис ашты.
Заманауи талапқа сай жабдықталған су жаңа кеңседе алғашқы күні-ақ салымшылардың қатары қалың. Шаһардың қақ ортасында, Байтұрсынов және Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа ғимараттың қызметкерлері әрбір салымшыға қызмет көрсетуге сақадай сай.
Андрей Джексембаев, «Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ» АҚ атқарушы директоры: «Біз бүгін оңтүстікқазақстандық салымшылар үшін жаңа кеңсенің есігін айқара ашып жатырмыз. Осылайша өз тұтынушыларымызға білікті мамандарымыз сапалы қызмет көрсететін болады. Оңтүстікқазақстандықтардың 40 пайыздан астамы біздің салымшылар болып келеді. Сол себепті де осындай заман талабына сай кеңселерді көптеп ашамыз деп жоспарлаймыз».
Осынау қуанышты күні қордың ең алғашқы салымшысы Хамза Хасановқа да құрмет көрсетілді. Ол 1998 жылдан бері еліміздегі жетекші зейнетақы қорының клиенті атанған. Оның өміршеңдігіне сенеді, сондықтан барша оңтүстікқазақстандықтарды осы — халықтық зейнетақы қорына нық сеніммен шақырады.
Хамза Хасанұлы, «Қазақстан халық банкі» зейнетақы қорының ОҚФ ең алғашқы салымшысы: «1998 жылдан бастап осы Халық
банкіндеміз. 15 жыл болып қалды. Осы уақытқа дейін халық банкінен тек қана жақсы қызметтерді тұтынып келеміз. Қордың қызметкерлеріне тек жақсылық тілеп, табыстары молая берсін деймін.»
Бүгінде Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір төртінші азамат Халық банкінің зейнетақы қорына сенім артады. Сондықтан да қор салымшыларының қатары біртіндеп көбейіп келеді. Сондықтан қор қызметкерлері салымшыларына жоғары сапалы қызмет көрсетуге баса назар аударады.
Гүлмира Нахова, «Қазақстан халық банкі» зейнетақы қорының ОҚФ директорының орынбасары: «Біздің салымшыларға үлкен рахмет айтамыз. Біз оларға қызмет жасауға әрқашан дайынбыз. Жыл сайын біздің зейнетақы қорымыз алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл — біздің салымшыларымыздың арқасында деп ойлаймыз».
Жинақталған зейнетақы салымының көлемі 1 триллион теңгеден асты. Бұл қордың инвестициялық саясатының дұрыстығын білдіреді дейді қор басшылығы тілшілермен өткізген баспасөз жиналысында. Елімізде 18 филиалы мен 169 сервистік орталығы бар қордың мақсаты айқын. Ендігі міндет — халықтың сенімін жоғалтпау.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k9BARY3sFjM[/youtube]