Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шымкентте үшем сәби дүниеге келді. Есімдері де мерекеге орайластырылып таңдалды. Нұрсұлтан, Хансұлтан және Шахсұлтан. Сөйтіп 26 жастағы Орынкүл Бабаева бірден көп балалы ана атанды. Олай дейтініміз үшемдердің алдында тағы 4 қыз бар екен. Ата-ананың қуанышында шек жоқ, бірақ көршілері алаңдаулы. Өйткені көпбалалы отбасы екі бөлмелі тас суық үйде тұрады. Сәбилер перзентханадан шықса қиын болайын деп тұр дейді.
Орынкүл Бабаева уақытынан бұрын босанып қалды. Бірақ қазір өзінің де үшемдердің де жағдайы жақсы. Балалар неонатологтың бақылауында. 26 жаста көп балалы ана атанған Орынкүл балалардың есімін тұңғыш президент күніне орай таңдадық дейді. Міне, Хансұлтан, Шахсұлтан және Нұрсұлтан.
Сәбилер жан сақтау бөлімінен жаңа шықты. Сондықтан әлі 10 күндей перзентханада болады. Үшемдер үйге шығарылған соң оларға ерекше күтім қажет дейді дәрігерлер.
Үшем сәбилерді үйінде 4 әпкесі мен әкесі күтіп отыр. Жас отбасы туыстарының екі бөлмелі күрке тамын жалдап тұрады екен. Үйдің іші сыз тартқан. Дымқыл қабырғалар жарылып жатыр. Асхана үйге кіре берістегі жарығы жоқ мына қуыс. Ыстық су атымен жоқ. Тіпті қысқа үй жылытар отынын күнделікті сатып алудамыз дейді отағасы.
Ал көршілерінің айтуынша, енді ғана дүние есігін ашқан балғындар қазіргі баспанада тұрмауы керек. Бірақ олардың басқа пәтерге көшіп, нәрестелеріне керекті жөргек пен құнарлы тамақ алуға жағдайлары жоқ. Мына 4 қыздың өзіне бірінің киімін кейінгісіне кигізіп күн кешкен. 8 жасар тұңғышы қазір әкесіне қолқанат кіші қызға қараушы ол.
Дегенмен Орынкүл де Әбубәкір де жоқшылықтан қорықпайды. Бірақ отағасының денсаулығы нашар. Асқазанының жартысы алынып тасталғасын ауыр жұмысқа да жарамай қалған. Күнделікті тапқаны 500 теңге. Айтуларынша, осы нәпақа бұл әулетті «өлтірмей ұстап тұр». Ал ендігі күні не болары бір күмән.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r8uUnH90yrg[/youtube]