Оқиға орнына тілшілерді жақындатқан жоқ
Оқиға орнына тілшілерді жақындатқан жоқ
Оқиға орнына тілшілерді жақындатқан жоқ

Шымкенттің түбінде апатқа ұшыраған ұшаққа сырттан ешқандай күш әсер еткен жоқ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Қазір қызметтік тексеру жүргізу үшін арнайы топ құрылған. Алдын ала болжамға сәйкес, ұшақтың апатқа ұшырауы — қайғылы жағдайлардың себебінен орын алған деді Елбасы.

Ал Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков әуежай маңындағы ауаның ылғалдығы 97 пайызды құраған, оның үстіне тұман орнап, сынап бағанасы -1 градус болғандықтан, мұз қатуы мүмкін деген пікірін айтты. Ал АН-72 ұшағының қара жәшігіне сараптама жұмыстарын жүргізуге мамандар бүгіннен бастап кірісіп кетті. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлайды. Оған қоса арнайы құрылған комиссия апат болған жердің екі гектар аумағын сүзгіден өткізуде. Комиссияны Әуе қорғанысы күштерінің ұшу қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Мұрат Қажмұратов басқарады.