Ұшақ апатына қатысты сотта тағы бір куәгер тыңдалды

340

Шымкентте АН-72 ұшағының апатына қатысты жүріп жатқан сот отырысы жалғасуда. Бұл жолы сотта куәгер ретінде ЯК-42 әуе кемесінің командирі шақырылды. Өйткені дәл осы ұшқыш тізгіндеген ұшақ апат болған соң жарты сағаттан кейін әуежайға ойдағыдай қонған болатын. 30 жылдан астам тәжірибесі бар Александр Кабановтың айтуынша, қайғылы жағдайдың орын алуына диспетчер емес, ұшқыштардың қателігі себеп. Себебі, табиғаттың кез келген қолайсыз уақытында үшқыштар барлық жағдайға дайын болуы керек. Ал диспетчер оларға жол көрсетуші ғана дейді ол.

ffdffdgfg

Александр Кабанов, ұшқыш: «Сол күні ауа райы қолайсыз болды. Бірақ соған қарамастан экипаж мүшелері өздері шешім қабылдауы керек. Биіктікті көрсететін құрылғы істен шықса да, оны алмастыратын құралдар бар. Соны пайдалануы керек еді. Меніңше диспетчер дұрыс әрекет жасаған. Сотта осыны айттым.»

Осы іс бойынша сот отырысы басталғалы  14 куәгер мен жәбірленуші жақтың 23 өкілі тыңдалды. Сот отырысы ашық деп жарияланғанымен, БАҚ өкілдеріне бірер минут қана таспаға түсіруге рұқсат берілуде. Куәгерлердің жауабын тыңдауға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, айыпталушы тарап пен оның қорғаушысы да тілшілермен тілдесуге құлықсыздық танытуда.