Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі туризмді дамытуға мүмкіндік береді

690
Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде
Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде

Шымкентте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында  туризмді дамыту мәселесі талқыланды. Кеңейтілген мәжіліске Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан өкілдер қатысты. Олар жол бойында туристік нысандар салып, саяхатшыларды тарту мәселесін қарап жатыр. Сондай-ақ    көлік дәлізі  бойында  нысан саламын деген  кәсіпкерлерге жер және несие беру жеңілдіктер  жағы да қарастырылуда.

«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы Қазақстанда туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа жол салу арқылы тағы бір саланың тамырына қан жүгіртеміз. Бірақ жол бойындағы инфрақұрылым талапқа сай болмаса, жоспар іске аспай қалуы мүмкін. Сондақтан,  мәселенің екінші жағын да қарастыруымыз қажет дейді мамандар.

Түгелбай БЕКБЕРГЕНОВ, Туризм индустриясы комитетінің туризм инфроқұрылымын дамыту аймақтық басқармасының бастығы: «Көлік дәлізі Ақтөбеден бастап, Ресейден  Қытайға  дейін жалғасады. Қорғоста қазір  кешен салынуда. Ол арқылы адамдар визасыз шекараны өтетін болады. Жәрмеңкелерге қатысады. 2015 жылы көлік дәлізі пайдалануға тапсырылғанда инфроқұрылымдар тартылып, қажетті нысандар кезегімен салынуы тиіс. Қонақ үйі, дәмханалар, севистік орталықтар олардың барлығы халыралық талаптарға сай болуы қажет».

Халықаралық көлік дәлізі Оңтүстік өңіріндегі барлық елді мекендердің 70 пайызын кесіп өтеді. Осыны пайданылып тек туризм емес, шағын және орта бизнесті де дамытып алуымыз қажет десті жиналғандар. Нақтырақ айтсақ , қасиетті Отырар, Түркістан жері, табиғаты көркем Қазығұрт, Түлкібас аудандары және шипалы суымен елге танымал  Сарығашқа туристерді тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Оңтүстік өңірі тарихи орындарға бай өлке.Туризм дамытуға да тиімді. Көлік дәлізі бойында тиісті нысандардың құрылысын жүргізу және де инфроқұрылым  бойынша  жобаларды жасауға  кореялық, канадалық және британдық инвесторлармен келісім жүргізілуде. Қатаң талап қойлады. Қонақ үйі, дәмхана, қызмет көсрету орталығы болсын барлығы замануи үлгіде болуы шарт».

Қазір осы мақсатта 7 жоба әзір тұр. Олар жүзеге асса өңірде саяхатшылар да, екі қолға бір күрек іздегендердің де саны азаяды. Ең бастысы, халықаралық көлік дәлізі арқылы жол жүрген саяхатшыларды тамсандырар орындарды көбейту қажет болып тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cHkw-9g0gGo[/youtube]