Мүгедектердің өмір сүруі жақсарады

267
мүгедектердің ұоғамның барлық саласына қолжетімді болуы керек
мүгедектердің ұоғамның барлық саласына қолжетімді болуы керек
мүгедектердің қоғамның барлық саласына қолжетімді болуы керек

Мүмкіндігі шектеулі жандар да тең дәрежелі өмір сүруге құқылы! Қоғамның мүшесі ретінде оларға облысымыздың барлық саладағы нысандары мүлтіксіз қызмет көрсетілу тиіс. Бүгін облыс кәмдігінде өткен басқосу осынау өзекті мәселеге арналды. Онда жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма берілді.

Осыған дейін арнайы такси жетіспей, құзырлы мекемелердің табалдырығын аттай алмай қиналған жарымжан жандар сапалы қызметке қол жеткізуі тиіс. Енді әрбір қоғамдық орында мүгедек азаматтарға арналған пандустардың саны артады. Бұл жұмыстар 2018 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.

Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл мәселені қаншалықты ертерек бітірсек, соншалықты жақсы. Себебі жаңағы паспортизацияның ішінде қандай жұмыс атқарылу керек ертең деген бар. Бізде осы уақытқа дейін салынған ғимараттардың көбісінде  мүгедектерге ешқандай жасалмаған».

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың несие алу жолдары да қарастырылады. Бұл тапсырмалардың мүлтіксіз жүзеге асырып, қадағалау әрбір аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына жүктелді.

Бақытжан Бектұрсынов, ОҚО әлеуметтік бағдарламалар және еңбекпен қамту басқармасы бастығының орынбасары:»Аудан

ОҚО әкімдігінде өткен жиында 2012-2018 жылдарға арналған жоба талқыланды
ОҚО әкімдігінде өткен жиында 2012-2018 жылдарға арналған жоба талқыланды

мен қалалар бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қадағалау жұмыстарын нақтылау керек деп айтылған».

Нұрлан Жандаров, ОҚО соқырлар қоғамының төрағасы: «Рас, соңғы бес-алты айдың көлемінде ғана пандус мәселесі көтеріліп жатыр. Олқылықтары көп. Осы уақытқа дейін көңілде бөлінбей келді. Енді әлеуметтік мәселелерге көңіл бөліп жатқаны, көңілге қонымды. Тек қағаз жұзінде қалып қоймаса игі».

Қазіргі таңда осы жұмыстарды іске асыру мақсатында меншігіне қарамай барлық нысандарды түгелдеу жұмыстары қолға алынған. Яғни, облыс көлеміндегі білім беретін — 2297, денсаулық саласындағы 2585 мемлекеттік нысандарының есігі мүгедек жандарға кез келген уақытта айқара ашық болуы тиіс. Оған жекеменшік нысандары да қосылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BH4fPM8-a7Q[/youtube]