"Нұртас" шағынауданында 1000-ға жуық отбасы бар
"Нұртас" шағынауданында 1000-ға жуық отбасы бар
«Нұртас» шағынауданында 1000-ға жуық отбасы бар

«Құрғақ уәдеге тойып біттік. Жарықтың жыры қашан бітеді?» «Нұртас» шағынауданының тұрғындары қазір шенеунік көрсе ширығатын болған. Өйткені, олар екі жылдан бері «мемлекеттік электр жарығын әне береміз, міне береміз» деп Нұртастың халқын алдап келеді. Жарыққа жауаптылар бұлайша мазақ ете беретін болса, бізде қарап қалмаспыз деп шағынауданның жұрты ашынып отыр.

Шенеуніктерге сенуден қалған «Нұртастың» жұрты бүгін тағы жиналды. Базынасын арнамызға айтпасқа амалы жоқ. Өйткені, жүгінері Еңбекші ауданынан тырнақтай да пайда қалмаған. Тек коммуналды шаруашылық бөлімі шешеді дейді бар айтары. Ал ондағылар болса, істі созбалаңға салып келе жатқанына 2 жылдан асты.

Рысқұл Әбдіқайымов, тұрғын: «Бізге 2011 жылы сентябрьде қосылады деді, одан өтті. Кейін октябрьде болатын болды. Ол да өтті. Жаңа жылға құрап береміз деді. Жаңа жылда өтті. Кейін 2012 жылы март айында қосып береміз деді. Ол да өтті. Одан майға өтті. Май айы да өтті. Кейін 2012 жылы сентябрьде қосамыз деді. Оған да өтті. +01,21 Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ит итке, құйрығына бұйырады дегендей болды бұл».

Жарық сөнсе болды, тоқ таратқышқа шұқшиып, қайта қосатын кісі Асылхан Назаров. Бір жанып, бір өшкен жарықты қайта қайта қоса бергендліктен құрылғы қазір адам өмірі үшін қауіпті затқа айналған. Ал жаңа бағандарға жалғанған желілердің тұрғанына жылдан асты. Ауыл тұрғыны олардың неліктен осы күнге дейін орталық жүйеге қосылмайтынын түсінбей дал.

Әзиза Шорабекова, тұрғын: «Оңтүстікжарық» деген 22 теңгеден ақша жинайды айма май. Қанымыз ішіліп, жілік майымыз сорылып бітті біздің әбден. Аз ғана пенсиямен отырған адамммын мен өзім. Бұл жердегілердің бәрі байшыкештер емес. Орта шаруалы адам. 22 теігеден төлегенде бәрі шырылдап кетеді. Амалымыз жоқ».

Мемлекеттік жарықтың толық қосылмауына нұртастағы жұрттың өзі кінәлі дейді коммуналды қызметкерлер. Өйткені, жаңа шағынаудандағы көп үйдің құжаты жоқ көрінеді. Әйтпесе, жұмыс толық қабылданып алынған. Ал мемлекеттік электр қуаты келесі елдімекен жұртына келесі аптадан кешікпей беріледі дейді.

Құрғақ уәдеге тойған халық белгіленген мерзімді де асқан шыдамдылықпен күтпек. Сөз орындалмаса, басқадай амалға көшеміз дейді амалсыз.

Арнамызға коммуналды шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Жаманкөз хабарласты. Айтуынша, бүгін түс қайта Нұртастағы бір көшеге мемлекеттік жарық жетіпті. Шағынаудандағы 40-шақты үй енді электр қуатынан келетін кесірге тап болмайтын болды дейді маман. Ал қалған баспаналар ең жақын арада орталық жүйеге қосылады дейді ол.

Шенеуніктің сөзіне сенсек, жыл аяғына дейін Нұртастағы 500 үй мемлекеттік жарығына жаруы тиіс.