Жаңаталап елдімекенінде мыңнан астам халық электр қуатымен қамтылды

67

Жаңаталап тұрғын алабы сапалы электр қуатына қосылды. Қазіргі таңда құжаттары дайын үйлерге «ОңтүстікЖарықТранзит» тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін қуаты әлсіз жекеменшік жарық қолданып келген жұрт мемлекеттік электр қуаты келгеніне қуанышты. Өйткені, бұған дейін тариф бағасын шамамен екі есе жоғары төлеп келіпті.

Шымкентте енді тағы бір елдімекен халқы сапалы электр жарығын қолданады. Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында 1361-ден астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылды. Онда бүгін 4000 киловаттық трансфарматор іске қосылды.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Естеріңізде болса, осындан бір алдын кездескенімізде бір өтініш болған. Бір жыл шыдаңыздар деп едім. Міне, құрылыс басталып, бүгін аяқталып жатыр. Біз құрылсы кезінде әр айда келіп бақылап отырдық. Енді бұл елдімекенде тек газ қалды. Келесі жылы қосылады. Сонымен инфрақұрылым 100 пайыз болады сіздерде».

Бүгінге дейін жекеменшік қуат көзін пайдаланған халық әр киловатына 30 теңгеден төлеп келген. Енді жұрт мемлекеттік электр жарығы үшін небәрі 17,9 теңге төлейді. Тарифтің азайып, сапаның жоғарылағанына қуанған халық қала әкімі мен сала жауаптыларына алғысын білдірді.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биыл желтоқсан айында аяқталуы керек еді. Бірақ, мердігер мекеме жоспарды мерзімінен бұрын орындап, пайдалануға беріп отыр. Айта кетейік, тұрғын алапқа 42 190 шақырым электр желісі тартылып, 21 электр трансформаторы мен 1312 бағана орнатылды.

Жарас Момбаев, «Газовое хозяйсива «Шымкентгаз» ЖШС директоры: «Біздің проект бойынша осы Жаңаталап елдімекеніне арналған. Арасында проетке енбей қалған көшелерге жаңа линия тартып бердік. Осы подстанциядан жарық алатын болады».

Айта кетейік, қалада жыл соңына дейін 6 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, халық сапалы электрмен қамтылады. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық жарыққа қол жеткізіп, көрсеткіш 98 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр. Ал, Қайнарбұлақ пен Батыс елдімекенінде 2023 жылы құрылыс аяқталып, мегаполис 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылады.