ОҚМФА ұжымы Тұңғыш Президент күнін атап өтті

 

ОҚМФА ұжымы Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Шымкентте Тұңғыш президент күнін тойлау одан әрі де жалғасты. Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық академиясында Елбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Онда білікті ұстаздармен қоса студенттер марапатталды.

Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістігі ел халқының ғана емес, бүкіл әлемнің назарында. Жиналғандар алдына шығып, сөз сөйлеген профессорлар мен академия басшылығы осыны мақтанышпен жеткізді. Оған қоса жастардың патриоттық сезімін арттыру, Елбасының ел өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі мен Қазақстанның болашағы да сөз болды.

Академия ұжымы мереке күні өз әріптестерін құттықтауды да ұмытпады. Бұл күні академияның 74 қызметкері мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Бір қуаныштысы, олардың арасында оқу орнын елге танытып жүрген студенттер де бар. Үшінші курс студенті Мағжан Шамиев армреслингтен Әлем кубогында қола жүлдеге ие болған.

Алғаш рет елімізде тойланып отырған мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ақындар жырдан шашу шашып, әншілер өлең айтты. Мың бұралған бишілер мейрамның көркін қыздыра түсті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CKE4BBGNL8U[/youtube]