Оңтүстікте тұңғыш Президент күнін тойлау жалғасуда

434
Тұңғыш Президент Н.Әбішұлының кемеңгерлігінен сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылды көпшілік назарына
Тұңғыш Президент Н.Әбішұлының кемеңгерлігінен сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылды көпшілік назарына

Қаламыздағы Абай атындағы кітапханада Тұңғыш Президент күні тойланды. Мерекенің осынау әсерлі басталуы да орынды-ақ. Сондай-ақ, мерекелік кешке жиналған зиялы қауым өкілдері мен жастар Елбасымыздың елді басқару жолындағы жетістіктерін атап өтті. Одан кейін патриоттық әндерден орындалып, жас ақындар Нұрсұлтан Әбішұлына жыр жолдарын арнады. Ал аға буын Елбасы қандай құрметке болсын лайық деп ағынан жарылып отыр.

Сәрсен Бек Сахабат, түркітанушы: «Әлбетте Елбасы үлкен құрметке лайық. Олай дейтін себебім де белгілі емес пе?! Халқының жағдайын жасап, өзге елдердегі қандастармызға қамқор болып жүр. Жалпы айтқанда, қазақ деген ұлтты сақтап қалған Ұлы тұлға! Негізі мен Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатына ризамын. Барша қазақтың қасиетті жерін қызғыш құстай қорғап, даму жолда бағыт-бағдар жасауда да тапқырлық танытып келеді. Жастарға да үлкен шаруа жасап, үлкен мүмкіндіктер беріп, мемлекеттік бағдарламалар ұсынып отыр. Сонымен қоса, халықтың әл-ауқатына қарапа та елдің ертеңін байқауға болады ғой. Аллаға шүкір, жағдайымыз жақсы. Сүйенетін Елбасымыз барда, бізді ешқандай қорқыныш бойлап алған жоқ. ЕҢ бастысы, Біз тәуелсіз зайырлы Елміз! Небәрі 21 жылда осындай ауқымды, көз сенбес жұмыстар жасап, Қазақстанды аяқтан тік тұрғызды. Төрткүл дүние мойындап, қазақтың қара жерінің де қасиетті екенін ұқты. Ғылым -білім де үлкен белестерді бағындырып, өзге ұлттар мен ұлыстардың алдында Қазақстанның мәртебесін көтерді ғой. Біз өз Елбасымызбен мақтанамыз!»

Шымкентте Тұңғыш Президент Н.Әбішұлынының құрметіне арналған мерекелік кеш өтті

Ал бұл мерекеде жастар қауымы да Елбасыға деген құрмет-лебізін білдірді. Бірі арнау жырларына арқау етсе , енді бірі Елбасының жазған өлеңдерін шырқап, Президентімізге ақ алғысын жаудырды. Мәселен, Мирас Университетінің 2-курс студенті Таңшолпан Пошатаева Нұрсұлтан Әбішұлының Ұлы жолын өлеңдерімен өруді әдетке айналдырған. Бұл мерекеде «Нұрағаны жырласам» атты сиясы кеппеген жырын көпшілік алдында паш етті. Осынау жастолқынның да Ұлт көшбасшысына деген құрметі дәл осы туындыдан-ақ анық байқалып тұрды.

Таңшолпан Пошатаева, студент: «Ия, мен бұл өлеңді бүгін жаздым. Негізінде осыдан бірнеше күн бұрын «Нұраға» атты өлеңімді бүгінгі шараға дайындап жүрген болатынмын. Алайда, шабыт деген бар емес пе?! Қолыма қалам ұстап, Нұрағамызға жаңа бір жыр жолдарын арнадым. Бұл өлеңде қазақтың Перзентінің ерлігі мен жүріп өткен даңғыл жолы ашық баяндалады. Бастысы, мен өз жүрегімдегі сезімдерді жеткізе алдым. Бізге сыйлаған ғажайып Қазақстан үшін де мың алғыс! Қалай болғанда да Елбасыға деген алғысымды осы жыр жолдарымен жеткіздім деген ойдамын, әрине. Мүмкін Нұрсұлтан Ағамыз бұл өлеңдерді еш уақытта оқымайтын да болар, алайда мен Елбасыға деген құрметімді осылай білдіргім келді. Енді міне, жұртшылық алдында мақтанышпен оқыдым. Нұрсұлтан Әбішұлы барда Елі ешқашан жерге қарап отырмасы анық қой!»

Бұл күні көпшілік назарына Елбасының кемеңгерлігінен сыр шертетін кітап көрмесі де ұсынылды. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы туралы жазылған кітаптармен қатар Елбасының өзі жазған кітаптар да бар.