Полицейлер тұңғыш Президент күнін атап өтті

611
ОҚО ІІД

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде тұңғыш Президент күніне қатысты салтанатты шара болып өтті. Жиналған қызметкерлер алдында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Айтбеков сөз сөйлеп, қызметтестерін мерекемен құттықтады.

ОҚО ІІД

ОҚО ІІД

Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары биыл қызметте жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қызмет сапасын арттыру мақсатында өткен кезектен тыс аттестацияда табысты өтті. Облыс бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстардың орын алуы азайды. Атқарушы билікпен бірлесе отырып, материалдық-техникалық база да нығайтылып отыр.

ОҚО ІІД

ОҚО ІІД

Арнайы шарада полиция қызметкерлеріне Президентіміз Н. Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді. Бұдан кейін ІІД бастығының бірінші орынбасары Нұралы Бисенәліұлы Қырғызалиев ішкі істер министрінің құттықтау хатын жеке құрамға жеткізіп, министрдің бұйырығымен адал қызметі мен жұмыста көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері үшін 20 қызметкерді марапаттады. Ал тағы 20 қызметкерге ІІД бастығының бұйрығымен грамота және алғыс хаттар берілді.

ОҚО ІІД

ОҚО ІІД

ОҚО ІІД

ОҚО ІІД

Салтанатты жиынның соңы облыстық танымал жұлдыздардың өнер көрсетуі мен концерттік бағдарламаға ұласты.