Облыстың дарынды оқушылары бақ сынасып жатыр. Бүгін басталған облыстық ғылыми жоба олимпиадасы 16-бағыт бойынша, 300-ге тарта оқушының арасынан жас ғалымдарды анықтап жатыр. Айта өтейік, жастарды білімге, ізденімпаздыққа баулитын жоба аясында өңіріміздің түкпір-түкпірінен мыңнан аса оқушылар өтініш берген екен. Алайда, жарыстың ережесі бойынша тек 300-і ғана байқауға жолдама алыпты. Жеңімпаздар ертең анықталады дейді әділ-қазылар алқасы.
Серік Әуесхан, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары: «Жалпы 300-ге жуық оқушыдан 96 оқушы жеңімпаз аталады.Сол 96 оқушы бүгінгі қорғаудан өткеннен кейін ертеңгі күні Қазақстан Республикасының он-лайн режимінде тест алады.Сол тесттің қорытындысы бойынша республикаға жеңімпаз болған оқушыларымыздың қаншасы өткендігі білінеді».
Бүгінгі таңда дарынды оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын сала-сала бойынша қорғап жатыр.