Вахид Масудов ордабасылықтармен бір жылдық келісім шартқа қол қойыпты. Жаттығу орны суық болса да шымкенттік команда алғашқы дайындығына кірісіп кеткен.
Команда құрамының 70 пайызы өзгермеген. Фархадбек Ирисметовпен Азат Нұрғалиев те Шымкентке қайта оралған. Алайда Алмат Бекбаев және Дауренбек Тәжімбетов өзге клубты таңдағаны белгілі. Алматтың орнын Григоренко басса, шабуылшы әзірге қарастырылуда.
Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры: «Жаңа жылдан бастап екі оқу жаттығу жиыны болады. Содан кейін команданың алдына жоспар қойылады. Ал оған дейін жаңа бапкер олармен жұмыс жүргізеді. 28-не соңғы жаттығу күні, содан кейіғ қаңтардың 7-сі күні Түркияда кездесеміз».
Бүгінде Санат Жумаханов, Бекзат Бейсенов, Мардан Төлебек, Евгений Левин, Евгений Чикризов және бірнеше жас футболшы бас бапкердің көзіне түсудің амалын жасауда. Ал бапкердің бұл жөнінде өз пікірі бар болып шықты. Талантты екенін дәлелдей білгендер ғана негізгі құрамаға алынады.
Бұл жаттығу жұмыстары тағы он күнге жалғасады. Содан кейін бапкер де оның шәкірттері де 2013 жылға дейін демалысқа шығады. Ал Түркиядағы жиында ордабасы командасының негізгі құрамы жасақталынады.
Вахид Масудов, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Біз қазіргі таңда жергілікті футболшылармен жұмыс жасап жатырмыз. Олардың басым бөлігі жастар. Көңіл күйлері жақсы. Ал легионерлер болса Түркияда командаға қосылады. Оның үстіне, өткен жылдағы команда құрамы анау айтқан өзгеріске ұшырамағаны қуантады. Әрине, Алмат Бекбаевпен Дәуренбек Тәжімбетовтың кеткені бізді қынжылтады. Десек те, бүгінде олардың орнын толтырудың амалын жасап жатырмыз. Шабуылшымен, жартылай қорғаушыларды іздестірудеміз. Биылғы жылға алдыма қойып отырған жоспарым европалық лигаға жолдама жеңіп алу. Оңай болмасы анық. Алайда тырысып көреміз».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=C0tRae-iQ38[/youtube]