Сарыағашта да орман пайда болды

Аудан әкімдігі жаңадан отырғызылатын жас өскіндердің санын 80 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр
Аудан әкімдігі жаңадан отырғызылатын жас өскіндердің санын 80 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр

Сарыағаш ауданында жасыл желек бағдарламасы жалғасын табуда. Шымкент-Самара тасжолының Сарыағашқа кіре берістегі екі шақырымдай бөлігіне бастамашыл топ жеті мың түп көшет отырғызды. Баспасөз турының келуіне сай келген шарада журналистер де сауапты іс жасап, ағаш егіп, мәре-сәре күйге бөленді.

Әшірбек Тұрдалин, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары: «Қазіргі еккен көшеттердің барлығы 100 пайыз алып кетеді деп ойлаймыз. Мына жердің жерін зерттедік. Осы жерге аудандастырылған көшеттерді екшедік. Сөйтіп осы жерге қылқанжапырақты арша, боз арша, қаратал ағаштарын егуді бастадық».

Сарыағаш ауданында 26 ауылдық округ бар. Жергілікті басшылық мұндай желектердің санын болашақта 80 мыңға жеткіземіз деп отыр. Ұйымдастырушылар осы елдімекендерге ағаш отырғызуда биылдан кешігетін болсақ, ерте көктемде тал егу ісін қайта қолға алатынын айтады.