Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған халықаралық турнир кезекті рет Шымқалада жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күні жеткіншектер спорттық құралдармен танысып, дайындығын байқады. Олар көп сайыста топ жару үшін бірнеше жаттығуда ептілік танытуы тиіс еді. Ташкенттік спортшылар үшін бұл құралда топ жару аса қиын емес. мықтылығына сенімді қонақтар үш күн бойында ептілік танытуға тырысты.
Турнирге жас гимнасшылар келген. Сол себепті де қателісіп жатқан жеткіншектер көп болды. Қателескенімен бөренеге қайта шығып, жаттығуын жалғастырып жатты. Бұл тұста психологиялық тұрғыда жеткіншекке оңай емес. Десек те команданың сенімін ақтау үшін, спортшылар бағдарламаны соңына дейін орындауға тырысты.
Гайрат Усманов, ОҚО гимнастика мектебі директорының орынбасары: «Бұл жарыс жыл сайын өтеді. Әрине, биыл Тәжікстан, Ресей сияқты елдердің спортшылары да қатысса деген едік. Алайда, белгісіз себептерге байланысты олар келе алмапты. Тек, өзбекстандықтар ниет білдірді. Дегенмен жарыс деңгейі жаман емес».
Спорттық гимнастикадан бұл жарыс Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған. Дәстүрлі халықаралық турнирде 60-тан астам спортшы сынға түсуде. Төрт күнге жалғасады. Алғашқы күні көпсайыстан шеберлер анықталды.
Бұл турнир бапкерлердің жыл бойындағы еңбегін қорытындылайды. Өйткені биылғы маусымдағы соңғы турнир. Енді жерлестеріміз келесі жылға жоспар құруды бастайды.