Шымкенттік учаскелік полицейлерге арналған 35 тірек бекеттері ашылды. Оның 13-ші Әл Фараби ауданында орналасқан.
Бұл бағытқа қазынадан айтарлықтай қаражат бөлінді. Бұған дейін учаскелік полицейлер өзге ғимараттарда жұмыс жасап келген еді.
Қазір тірек бекеттері ішкі істер министрлігінің қарамағында. Мамандар қаладағы барлық аудандарда жұмысын бастап кетті.
Бұл қоғамдық тәртіпті бұрынғыдан да қатал бақылауға алуға мүмкіндік береді.