Шымкентте Тәуелсіздік күніне арналған бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі ашылды

суретшілер жұмыстарын мерекеге арнады
суретшілер жұмыстарын мерекеге арнады
суретшілер жұмыстарын мерекеге арнады

Шымкентте Тәуелсіздікке арналған бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды. Көркемсурет галереясындағы көрмедегі әр туындыдан өнер иесінің қолтаңбасы мен елге деген сүйіспеншілігі аңқып тұр. Солардың бірі — қолданбалы өнерді меңгерген Мұхтархан Атахан шығармашылығын Лондон олимпиадасындағы Қазақтың көкбайрағын желбіреткен спортшыларымызға арнапты. Қоржынға 4 алтынды салған ауыр атлетшілеріміздің қатарында көркем гимнастшы Әлия Юсупованың да мүсіні орын алған. Ұл-қыздарымыздың жетістігі егеменді елдің мақтанышы дейді шебер.

Мұхтар Атахан, қолданбалы өнер шебері
Мұхтар Атахан, қолданбалы өнер шебері

Мұхтар Атахан, қолданбалы өнер шебері: «Спортшы, өнер адамы болсын, еліміздің азаматтары болғасын олардың жеңісін әрбіріміз мақтаныш етуім керек. Олардың еңбегін мен өзімнің шығармашылығыммен байланыстырдым. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің аты жақында рекордтар кітабына жазылды. Бұл дегеніңіз үлкен мәртебе емес пе қазақ үшін. Әлия қаншама қыздардың көркем гимнастшы болуына ықпал жасады. Ел мақтаныштарына айналған тұлғалардың мүсінін жасауды шештім сондықтан».

Майлы бояу, гобелен, мүсін, қолданбалы өнер туындалары. Бір ай бойы келушілерге есігі ашық көрмеге барлығы 130-дан аса жұмыс қойылған. Бүгін жылды ізденістің нәтижесінде жемісті аяқтаған суретшілер қауымының бірқатары алғыс хаттарымен мараппатталды.