Шымкенттіктер қаза болған шекарашылар отбасыларына көңіл айтты

350
Қаралы митингінің барысы
Қаралы митингінің барысы
Қаралы митингінің барысы

Елбасының жарлығымен 27-желтоқсан  Қазақстанда  «Ұлттық аза тұту күні»  болып жарияланды. Бұл күні бүкіл қазақстандықтар ұшақ апатынан опат болғандарды еске алды. Шымкентте түрлі мекемелерде ілінген Қазақстан туы төмен түсірілді. Сол күні Шымкентте облыс әкімдігі ғимаратында, жоғары оқу орындары мен мәдени ошақтарындағы еліміздің Мемлекеттік туы төмен түсірілді. Оңтүстікқазақстандықтар бір кісідей қаза болған шекарашылардың туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Қала тұрғындары, ақсақал: «Қайғыларына ортақпыз. Сұм ажал қаншама отбасын отағасыз  қалдырды. Мұндай жантүршігерлік  жағдай енді  қайталбасын. Арты қайырлы болсын. Еліміз тыныш болсын».

Ана: «Балалар әкесіз қалды. Әйелдер жолдастарынан айрылды. Сабыр болу керек. Алланың ісі. Жатқан жерлері жайлы болсын».

Ауыр қасірет қаза тапқандардың отбасыларын ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Қала мектептерінде митингілер ұйымдастырылып,  «Ерлік сабақтары» өтті.

 Ұстаз: «Таңертең митинг болды және бір минуттық үнсіздік жарияланды».

Досжан Медеуов: «Қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіремін. Командирлер бақилық болды. Бұл Қазақстан үшін үлкен орны толмас қаза».

Ұлттық аза тұту күніне байланысты мерекелік сипаттағы іс-шаралардың өтуіне тыйым салынған. Осыған орай Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы түрлі деңгейдегі кештер де өткізілген жоқ. ОҚМУ ұжымы жиналған қаражатқа жеміс-жидек пен ойыншықтар алып, балалар интернатының тәрбиеленушілеріне табыстады.

Ақан Демеуов, ұстаз: «Қайғыда ел болып, қолдау көрсету — халқымызға тән қасиет. Қазақ елі бұл жолы да ауызбіршілік танытты».