Темір торда құрт ауруына шалдығып, қазір бостандықта жүргендерден қауіп төніп тұр. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Туберкулез, ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың кейбірі емдеу мекемелерінен қашып кеткен. Ақ халаттылар оларды көше кезіп іздеп әлек. Бұл жайында бүгін облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде айтылды.
Өткен жылы еліміздің түрмелерінде туберкулезден 330 адам, ал биылғы тоғыз айда 205 сотталушы ауры асқынып қайтыс болған. Ал құрт аурына шалдығып босап шыққандардың тубдиспансерлерде толық емделуін қадағалауға алу мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып тұр.
Салтанат Сақыбаева, облыстық туберкулезге қарсы диспасердің бас дәрігері: «Жақында ғана 3 ашық түрмен ауыратыр науқас қашып кетті. Учаскелік дәрігерімізге хабарласқан едік. Менің жылдық есеп беруім бар. Жаңа жылдан кейін хабарласыңыз деді. Ал осы уақыт аралығында олар қаншама адамға ауруды жұқтырады».
Аталған аурудың ашық формасымен ауыратын науқастың көшеде, қоғамдық көліктерде еркін жүргенін көпшілік білмейді. Бұл туберкулезді кез-келген көпшілік орында адамдар жұқтыру қаупі бар деген сөз. Оларды қатаң бақылауға алып, тубдиспансерлерде толық емделуін қамтамасыз ету қиын болып тұр. Бұл құзырлы органдардың кемшілігі.
Болатбек Әлиев, облыс әкімінің орынбасары: «Сіздерге облыс бюджетінен қаншама қаржы бөлінеді! Неге осындай жағдайларды қадағаламайсыздар? Ішкі істер департаменті бұл сіздерге қатысты».
Осы мәселелерге жауапты мамандар жағдайды қалыпқа келтірмесе жақында жылы орындарынан айрылуы мүмкін.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9GtraTtmw-U[/youtube]