Желтоқсан — Тәуелсіздіктің ұлы рухы

1209
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның ұстаздары желтоқсан оқиғасы жайында жастарға әңгімелесе, студенттердің өздері сахналаық қойылымдар қойды

 

М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның ұстаздары желтоқсан оқиғасы жайында жастарға әңгімелесе, студенттердің өздері сахналаық қойылымдар қойды
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның ұстаздары желтоқсан оқиғасы жайында жастарға әңгімелесе, студенттердің өздері сахналаық қойылымдар қойды

«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбеуді» мұрат тұтқан ұлттың негізін қалаған өресі кең өр рухтың қозғалысы, тарихи көрінісі — бұл желтоқсан оқиғасы. Ата-бабамыз аңсаған асыл арман азаттық таңы атып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Осы ұлы мереке қарсаңында Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының ұжымы «Желтоқсан — Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты іс-шара өткізді. Жалынды жырлар төгіліп, жиналғандардың рухы бір көтеріліп қалған басқосуға біз де қатыстық.

Кең даладан, бос даладан не пайда, бос далада Бостандығың болмаса! деп Қадыр ақын ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы — Азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа деген аманатын жеткізген еді. Ақын жырлаған Тәуелсіздік басымызға қонған бақ деп санайды ОҚГИ-ның да студенттері мен ұстаздары. Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Болмақ та емес. Сол тәуелсіздіктің арқасында елдің рухы қайта шалқыды. Алыс-жақын таныды. Бұған институт ұжымының да қосқан үлесі бар.

Желтоқсан оқиғасы тарих қойнауында хатталып, ұрпақ жадында жатталатыны анық. Сонау қиын-қыстау шақта жазықсыз жапа шеккен ерлердің тұлғасы қашанда мәңгі есте қалады. Осыны есте ұстаған студенттер тарихи көріністен сахналық көрініс қойды. Тәуелсіздікті мадақтап, өлең оқыды.

Жас ұрпақтың ендігі қасиетті борышы — бабадан аманатқа қалған Тәуелсіздікті көздің қарашағындай сақтау. Ол үшін егеменді елдің жас өрендері бәсекелестік биігін білімімен бағындыруы тиіс.