Қазақстан Кубогі оңтүстік қоржынында

227

Елена Груняшина үшін де 2012 жыл сәтті болды. Шыңға өрмелеу спортының шебері Қазақстан Кубогі үшін таласта шеберлік танытып, екі алтын бір күміс және тағы бір қола медальмен облыс қоржынын толықтырды. Осындай жетістіктерінің арқасында олардың спорт ордалары облысымызда үздік деп танылды. Енді жерлестеріміз қаңтар айында Қарағандыда өтеді.

Елена Груняшина Қазақстан Кубогін жеңіп алды
Елена Груняшина Қазақстан Кубогін жеңіп алды

Елена Груняшина, шыңға өрмелеуден Қазақстан чемпионы: «Қиындық арқылы шыңға өрмелеуде бірінші орыннан көріндім, ал жылдамдықпен боулдрингте жүлделі ғана болдым. Ол дегеніміз қателікпен әлі де жұмыс жасау қажет. Енді келесі жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында бағымды сынасам деп отырмын. Қолымнан келгенше жаттығуларда тер төгемін».

Владимир Силивано, шыңға өрмелеуден ҚР құрама командасының бас бапкері: «Ұлттық құраманың негізгі көшбасшысы да шымкенттік спортшы Тамар Кузнецова. ОЛ өткен жылы Әлем Кубогі үшін таластың екі кезеңіне қатысып, жұлделі бола білді. СОндай-ақ, Азия чемпионатында да ептілік танытты. Жастардың да алдына үлкен жоспар құрыпотырмыз. Ол халықаралық аренада көш бастау».

Бүгінде Шымкенттіктер Республикалық сынақтың келесі кезеңіне дайындық үстінде. Оның алғашқысы қаңтар айының ортасына қарай Қарағандыда өтеді.