Өткен жылы кәсіпкерлікке берілген 83 жер телімі мемлекетке қайтарылды

170
жер телімінен айрылып қалуыңыз мүмкін
жер телімінен айрылып қалуыңыз мүмкін
жер телімінен айрылып қалуыңыз мүмкін

Облыс бойынша бірнеше жылдан бері пайдаланылмай келе жатқан 136,5 мың га тыңайған жер бар. Кәсіпкерлік мақсатқа беріліп, бірақ пайдаланылмаған 555 жер телімі анықталып, оның 83-і мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы ОҚО жер қатынастары басқармасының өткен жылдың қорытынды есебінде айтылды. Инфрақұрылымдары жоқ себепті жеке тұрғын үйге берілген Сайрам және Төлеби аудандарында ауыл әкімдерінің шешімдері бұзылған.

Ал егістік жер көлемі өткен жылы 2011 жылмен салыстырғанда (975,5мың га) 2012 жылы — 32,5 мың гектарға көбейіп, 1008 мың гектарды құраған. Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер уяаскелеріне түгендеу жұмыстары Сайрам, Төлеби, Шымкент аудандарында төмен деңгейде жүргізілген.

Ал Шымкент қаласы бойынша дәл осы бағытта бірде бір құжат жер инспекциясына толық өткізілмеген. Облыс бойынша өткен жылы 1 мың 685 жер уьелімі жеке тұрғын үй құрылысына берілген.

Ал кәсіпкерлікке мақсатта беріліп, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтарып алу мақсатында жер инспекциясы тарапынан 32 жер  телімі сотқа жолдану жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін бірде-бір құжат сотқа жолданбаған.