Қаза тапқан шекарашыларды жерлеу рәсімі өтті

317
Қар қайғылы оқиғаның ізін жапқанымен, жүректегі жараны емдей алмасы анық
Қар қайғылы оқиғаның ізін жапқанымен, жүректегі жараны емдей алмасы анық
Қар қайғылы оқиғаның ізін жапқанымен, жүректегі жараны емдей алмасы анық

Барша қазақтың қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаның болғанына да бір жетіден артық уақыт болды.  Шымкенттіктер әлі де ұшақ құлаған аймаққа гүл шоқтарын қойып жатыр. Бұл аймақта  ұшақтың қалдықтары мен бақилық болған шекарашылардың шашылған заттарын. кездестіруге болады.   Тіпті қол қойылған ресми құжаттарды да кездестірдік.   Сайрам ауданына қарасты бұл жер әлі де сары лентамен қоршалған.  Ал облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл маңға ескерткіш қою керек деген ойын тустарымен өткен қаралы жиында айтқан болатын.

Бүгін Алматыда Шымкент түбіндегі ұшақ апатында қаза болған Тұрғанбек Стамбеков пен оның жары Сәуле Стамбекованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Полковник Стамбеков ҰҚК шекара қызметі директорының міндетін атқарып келген еді. Міне, мына көріністерден жиналғандардың қабырғасы қайысып опат болғандармен қоштасып жатқанын көруге болады. БІр сәтте қаза болған ерлі зайыптының артында бір ұлы мен қызы қалды еңіреп.

Алмаз Стамбеков, марқұм Т.Стамбековтың ұлы: «Менің әкем отанын қорғау үшін жаралған еді. Сол жолда опат болды. Бұл біздің ғана емес, бүкіл халықтың қабырғасына батты».

Жаназаға қаза тапқандардың жақындары мен әріптестері түгел жиналды. Шымкенттен де бір топ әріптестері аттанды.

Т.Стамбековты ақтық сапарға  шығарып салу
Т.Стамбековты ақтық сапарға шығарып салу

Естеріңізге сала кетейік, полковник Тұрғанбек Стамбеков 25 желтоқсан күні Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмды. АН-72 әуе кемесінде экипаждың жеті мүшесі мен 20 әскери қызметкер болған. Ұшақтың бортындағы адамдардың барлығы қаза тапқан болатын. Мәйіттерді тану көпке ұзамай, 30-желтоқсан күні оңтүстік жұрты шекарашыларды ақтық сапарға шығарып салған еді.