Апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан азаматтардың екеуі Шымкент тұрғындары болып шықты. Ол — ұшқыш Святослав Бабаян және бортсерік Дина Аспандиярова. Бүгін Шымкент әуежайының өкілдері әріптестерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Бұл Шымкент әуежайы. Әуе кемесі құлап, қара жамылған СКАТ компаниясының кеңсесі де осы жерде. Олар апат кезінде мерт болған әріптестеріне арнап, естелік бұрышын да ашты. Бірінен соң бірі осы жерге гүл шоқтарын қойып жатыр. Бірақ еш қайсысы сұхбат бергісі келмейді, өйткені болған оқиғадан соң әлі ес жия қоймаса керек. Тек шымкенттік ұшқыш С.Бабаян ең жас маман еді деп еске алады, биыл небәрі 22 жасқа толған екен. Ал бортсерік Дина Аспандиярова өз ісінің нағыз маманы еді дейді.
СКАТ әуекомпаниясы арнайы қор құрып, қаржы жинауға кірісті. Түскен ақшаның көк тиынына дейін зардап шегушілерге таратып береміз деп отыр. Оған қоса қаза тапқандардың жерлеу рәсімін де өз мойнына алған.
Айта өтейік, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көрсету жоспарланған. SKAT әуекомпаниясы әр отбасыға 3 миллионнан және мемлекет тарапынан 1 миллион теңге беру бекітілген. Мәйіттердің барлығы туған-туысқандарымен танылғаннан кейін, оларды жерлеуге рұқсат берілмек.
Ал бүгін Алматыдағы Сот медицина орталығында барлық экипаж мүшелерінің мәйітін тану аяқталды. 5 экипаж мүшелерінің мәйттері түгел анықталды деп хабарлануда.
Мәйттірді тану толық аяқталған соң оларды жерлеу рәсімі өтеді. Еске саламыз кеше Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясына тиелісі ұшақ құлады. 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы мерт болды.
Қазір Апаттың орын алу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнынан табылған қара жәшік Мәскеуге жіберілді. Ол ашылғасын ұашқтың неліктен құлағаны туралы ресми ақпарат таратылады. Ал бүгін таңертең Алматының орталық мәйітханасында қаза болғандардың денелерін анықтау басталды. Әзірге 5 мәйітті тану аяқталды. Өзгелері қатты зақымданғандықтан, тану қиынға түсіп жатыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oyO8_gPGl14[/youtube]