17 жастағы жігіт 7 жарым жылға бас бостандығына айырылды. Шымкентте аты-шулы сот процесі аяқталды. Арыс қаласына барған шымкенттік студент сондағы оқушыны пышақтап тастаған еді.
Тілшілер сот залына жіберілген жоқ. Айыпталушы жақ осылай деп өтініш жасапты. Бұл сұмдық қылмыс туралы суыт хабар Арыс қаласынан өткен жылдың күзінде жеткен. Шымкенттегі колледждің 17 жасар студенті оқушыны өлтіріп салған. алдымен көгала қойдай сабайды. Сосын пышақтап тастаған.
Қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Дегенмен, сот процесі 4 айға созылған. Өйткені күдікті жігіт қылмысын мойындамай келген. Алайда сот шешімі шығар алдында қолмен істегенін мойнына алды. Сөйтіп 7 жарым жылға темір торға қамалды.
Соттың бұл шешімі жәбірленуші тарапқа ауыр тиді. Кісі қолынан қаза тапқан Мадияр Шүкірдің ата-анасы қылмыскердің жеңіл жазаға тартылғанымен мүлде келіспейді.
Қыршынынан қыйылған жеткіншектің анасы не айтарын да білмейді. Жалғыз ұлын жер қойнауына тапсырған ана жылай-жылай көз жасым көл болды деп отыр.
Сонымен, қолын адам қанымен былғаған жігіт 7,5 жылға сотталды. Ал опат болған Мадияр Шүкір осы жылы мектепті тәмамдайтын еді. Әскери болам деген арманын арқалап жер қойнауына кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cynqUjBD2SI[/youtube]