«Армандастар» әнге бөледі

326
әнші Ұлаш Тәшібекова
әнші Ұлаш Тәшібекова
әнші Ұлаш Тәшібекова

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Армандастар» ансамблінің мүшесі — Ұлаш Тәшібекованың «Іңкәр сезім» атты концерті өтті. Өнер кешіне сонау 1970 жылдары ауылдың өнерпаз жастарының басын біріктіріп, өнерге қанат қақтырған ансамбльдің мүшелері бас қосты.

Кеңестік дәуірдің 70-ші жылдары «Армандастар» ансамблі Төлеби ауданының өнерлі жастарының басын қосқан болатын. Ансамбль — әлі де ән-ғұмыры үзілмеген ұжым. Өнерпаздардың өнеріне тәнті Қымбат Қайдарова да бүгінгі концертке шын ықыласпен келгенін айтады. Өйткені ансамбльдің сүйемелдеуімен айтлатын табиғи дауыстағы өңдеусіз әндер — өнер халықтың құрметіне ие.

«Сонау жылдардан келе  жатқан ансамбль ғой, сондықтанда өнерге адалдығын үзбей келеді. Халық әндерін домбыраға да салып нақышына орындайтын Ұлаштың өнеріне тәнтіміз. Жанды дауыста орындалған әндерге сусап қалдық. Қазір дауысы бар ғана емес, ауызы бардың  бәрі әнші боп кетті ғой»-дейді Қымбат Қайдарова.

«Іңкәр сезім». Өнер айдынында сонау 70-ші жылдардан бері жүзіп келе жатқан әнші Ұлаш Танышбекованың концерті осылай аталды. Өйткені әнге деген оның жүрек дүрсілі өзгеше дейді көрермен. Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдерінің жүлдегері атанған өнер ұжымы «Халық ансамблі» деген атаққа ие болған. Өнерге деген адалдығын қашан да жоғары қойған Ұлаш Тәшібекованың ансамбльге сіңірген еңбегі ерен. Концертке жиналғандар табиғи дауыста ән тыңдап, ансамбльдің сүйемелдеуімен өңдеусіз өнерден сусындап қайтты.