Шымкенттік студенттер онлайн оқуды бастады

203

Шымкенттегі жоғарғы оқу орындары онлайн білім беруге көшті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұстаздарының айтуынша бұл бастама олар үшін жаңашылдық емес. Мұнда қашықтықтан білім бері бұған дейін де жұмыс жасаған.

Интернет жүйесі толықтай жұмыс жасайды деген олар білім беруде ешқандай кедергінің жоқтығын алға тартады. Еске сала кетейік, онлайн оқу әлемдегі соңғы жағдайларға байланысты жүйеге қойылған еді. Әзірге, ЖОО-ның өзінде тек басшылық жұмысын қалғастырады. Ал, ұстаздар қашықтықтан білім беріп, студенттер де онлайн сабақ оқитын болады.

 

Назерке Үкібасова