«Жастар жауапкершілігі» ұғымы тек қоғамдағы белсенді жастарға тиесілі емес. Облыс
әкіміаппараты басшысының орынбасары, баспасөз бөлімінің бастығы Берік Уәлимен өткен кездесуде жастолқын осылай деді. Басқосуға аудан әкімдері орынбасарлары мен жастар орталығы төрағалары және облыстың белсенді жастары қатысты. Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Қайрат Төлебаев өңір жастарының хал-жағдайымен таныстыратын статистикалық мәліметтерді ұсынды жиында.
Қайрат Төлебаев, жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы: «Біздің Оңтүстікте 722 мыңнан астам жас болатын болса, біз сол тізімге қарап, қайсының немен айналасып жүргенін білуге міндеттіміз. Бұл тізімнің ішінде мектеп оқушылары бар, ЖОО студенттері бар, түрлі сала қызметкерлері бар, жұмыссыздар бар. Мәселе осында, мектеп бітіруші жастарға мамандық таңдауға аудандық, қалалық білім бөлімдері көмектесуі қажет деп ойлаймын. Сонда біздің қоғамға қажетті мамандар дайын болар еді. Мынау «Жұмыспен қамту» саласы да әрбір жаспен жіті жұмыс жасап, оларды жұмысқа ораластыруы керек. Себебі дәл қазір барлық аудан орталықтарында жұмыспен қамту орталықтары бар. Бұл біздің жұмыссыз жүрген азаматтарға мемлекеттік бағдарламаның жасап отырған жағдайы бұл. Спорт саласына баулу қажет. Мәселен сабақтан соң немесе бос уақытын салауатты өмір салтына арнаулары қажет қой. Ал бізде мұны ұйымдастыру жоқ. Ашығын айтсам, дәл қазір біз жоғарыға мынанша жас спортпен шұғылданып жүр деп есеп берудеміз. Бірақ анығына келгенде бұлай емес қой. Қарап отырсақ, қаншама жас болейболға, футболға, тенниске, жүзуге, күреске — спортқа, муызкалық үйірмелерге, түрлі қызықты танымдық үйірмелерге қатысқысы келеді. Байқап-көріп те жүрміз енді көп мектептер қолынан келген үйірмесін қолға алып, оқушылардың уақытын тиімді өткізуге тырысып жүр, әрине. Алайд бұл мәселе мынау ауылдың жастарына да тікелей қатысты. Жұмыссыз жүрген жастарына әсіресе. Менің айтып отарғаным сол – немқұрайлық танытпаңыздар аудан басшылары! Ары қарай ішкі саясат әрқайсйс немен айналысып жатқанын бақылаңыздар! Қай бағытқа кетіп бара жатыр? Қай жерде жүр? Ішкіістер бөлімі – учасковый полициялар тәртібіні қадағалауы қажет! Жаңа аудан әкімдері орынбасарлары дұрыс айтып отыр, “пропискада” осында да бірақ ол жас өзге өңірлерде жүреді “қыдырып”! Мұндай болмасын, жастар өз жауапкершілігін ұмытпауы керек!”
Ал Отырар ауданы әкімінің орынбасары Асылбек Жақсыбеков жұмыс іздеп өзге өңірлерге кеткен жастар, түрлі ауруларды жұқтырып ауылға келеді соңында дейді.
Асылбек Жақсыбеков, ОҚО, Отырар ауданы әкімінің орынбасары:”Менің ойымша, ауылдыжерге бір-бір жастар орталығының нұсқаушылары қажет. Сонда жастар ұйымшылдық пен жұмыла жұмыс жасау қажеттігін ұғынады. Осылайша әрбір елдімекенде әрбір жаспен жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана нәтиже болады. Әйтпесе өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, Оңтүстіктен жұмыс таппаған жастар Астанаға немесе Алматыға жұымысқа барады, жалдамалы қара жұмыстар істейді. Ия, жасырмаймыз 2000-ға жуық жас сыртта жұмыс істеп жүр. Олардың күнкөріс жағдайына келер болсақ, бірен-сараны ғана жақсы болар, ал қалғандарына “Қайда жұмыс істеп жүрсің?” десек, “Астанада” дейді. Ал осы Астанадан 6 айға дейін ауылға хабарласпай, 6 айдан соң оралып, біріншіден денсаулығынан айырылып, түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырып, жұмысқа жарамсыз болып отырған жастар бар. Сондықтан айтар едім мен, “сен тимесең, мен тиме” дегенше осы Оңтүстікте жүріп-ақ жұмыс жасауға болады ғой. Мемлекеттің жасап отырған түрлі бағдарламалыр да бар арнайы осы жастар үшін. Тек жастарыымыз осыны тиімді қолдана алса”.
Жиналған жастар ауылдағы замандастарының жұмыссыздығы мен белсенділігінің төмен екеніне жергілікті билікті кінәлап отыр.
Амангелді Ақынов: “Мұндағы айтылған пікірлерге қосыламын, әрине. Алайда бір айта кетерлігі сол – мынау ауылдағы замандастарымыздың белсенділлігінің төмендігі мен жұмыссыз жүргеніне осы аудан, ауыл әкімдері кінәлі дер едім. Арнайы сол жастармен жұмыс істейтін маман болуы керек. Немесе түрлі мемлекеттік бағдарламаларды ұсынуы керек. Мейлі ол қара жұмыс болса да. Тек жұмыссыз қалмауы қажет. Ауылдағы менімен жасты достарым тіпті мұндай бағдарламалардың бар екенінен де хабарсыз керек болса. Себебі, түсіндірме жұмыстары жүргізілмеген. Түйін біреу – жергілікті билік жастармен жүйелі түрде жұмыс жасауы қажет! Ал қалада жүріп “жұмыссызбын” деу ақылға қонбайды. Елдің патриоты, жасы ретінде айтарым ол “жұмыссызбын” деген адам – елге дұшпан ретінде көрінеді. Неге ол жұмыс істеп, қандай да үлесін, кірпіштей болса да ел лолашағын қалай бермейді?! Міне, менің айтарым осы”
Сонымен, кездесу барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз бөлімінің бастығы облыс жастары тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлердің орынды және қазіргі таңдағы өзекті мәселе екенін айтты. Алдағы күндері ұсыныстарды тиісті мекемелердің орындауы жөнінде тапсырмалар берді.