Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға келді

262

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті іс-сапары жалғасып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы Армения Республикасына  табан тіреді. Бұл жөнінде ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», – деп жазды Берік Уәли.

Мөлдір Бекеева