Төл туындымды ұрлап көшіргендер құқығымды таптап жатыр. Кітап жазған автор бизнесін шыр айналдырып отырған саудагерлерге наразы. Олардың заңсыз әрекеттерінен материалдық және моральдық шығынға батып отырмын дейді. Арыз бойынша жақында авторлық құқықты бұзғандарға қарсы рейд басталды.
Бұл — 2007 жылдан бері бастауыш сыныптарға арналған математикадан 105 сабақ жазу дәптерінің авторы — Нұржамал Жаманқараева. Өзінің авторлық құқығы қаланың қара базарында тапталып, көшірменің көбейіп кеткеніне наразы. Арызын айтып, әділет органына былтырдан бері шағымданып жүр. Жыл сайынғы ізденісім, кітапты қайта жазып, қолданысқа енгізгенімнің барлығы желге ұшты дейді ұстаз.
Нұржамал Жаманқараева, Математикадан 105 сабақ жұмыс дәптерінің авторы:»Қайтадан өңдеп, жазып шықтым. Көшірмесін көріп,қайдан алдыңыздар десем, жұмысың болмасын, қайда барсаң, сонда бар. Қолыңнан не келеді деген соң, мені қорғайтын органдар бар шығар деп ойладым. Сөйтіп, әділет департаментіне келдім. Көмектесетін шығар деп ойлаймын. Құқығымды таптатып қарап тұра алмаймын. Қайта-қайта соғылған қоңыраулар, намысыма тиді. жыл сайын ізденемін, жыл сайын әр сыныпты 2000 данадан артық шығара алмаймын».
Ал авторлық құқық және зияткерлік меншік бөлімі авторды заңды түрде тіркеді. Содан соң арыз бойынша анықтау жұмыстарын бастап кетті.
Балжан Мадиқызы, ОҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары: «ҚР авторлық құқық, сабақтастық құқықтарды қорғау заңына сәйкес автордың келісімінсіз, автордың туындыларын көшірмелеуге, түзетуге болмайды. Сосын келісімінсіз пайдалануға болмайды .»
Ә дегеннен-ақ кітаптың көшірмесі тәркіленіп алынды. Сатушыларға түсіндірме жұмысы да жүргізілді. 1-4 сыныптың
оқушыларына арналған математикадан 105 сабақ жазу дәптерін мына саудагер Әсел және Қырғы базарлардан әрқайсысын 450 теңгеден алып, 600 теңгедан сатады екен.
Сатушы өзінің кінәсі жоғын айтып, өзі де біреуден сатып алғанын айтып ақталуда. Алайда, заң білмедім дегенді көтере алмайды. Алдағы уақытта автордың арызы бойынша Шымкенттегі оқу-құралдарын сататын барлық дүңгіршіктерде рейд жүргізіледі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AqyRTz_7zxk[/youtube]