Жаңа жылдағы алғашқы саудасын жүргізуга шыққан саудагерлер бүгін салықты бір реттік талон арқылы төлеген жоқ. Себебі, еліміз бойныша бірінші қаңтардан бастап бір жолғы талондар пайдаланудан алынып тасталды. Осыған орай облыс көлеміндегі 125 базардың 20 мыңнан астам сатушысы салық төлеудің үш әдісінің бірін таңдауы тиіс.
Өңіріміздегі саудагерлердің басым бөлігі, яғни 13 мыңға жуық адам патент негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс жасауға көшті. Дегенмен, мал, көлік және маусымдық секілді қысқа мерзімдік сауда жасайтындардың салықты қалай төлейтіні белгісіз. Мамандар бұл мәселе сол базар иелерінің есебінен шешілуі тіис дейді.
Дегенмен, мамандар бұл жүйені әлі жетілдіру қажет деген пікірде. Соның бірі — бюджетке түседі деп жоспарланған қаржыны толық жинау үшін әрбір саудагердің табысы егжей-тегжей сарапталуы тиіс.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BQSRmjZGyE0[/youtube]