Коммуналдық қызмет ақысы шарықтап барады

Тарифті көтеруге депутаттар қарсылық білдіруде
Тарифті көтеруге депутаттар қарсылық білдіруде
Тарифті көтеруге депутаттар қарсылық білдіруде

Қаңтардан бастап облыста коммуналдық қызмет түрлері түгел қымбаттады. Тарифтік саясатты ұстанып, монополистер коммуналдық қызмет құнын жыл сайын осы мерзімде қымбаттатуды әдетке айналдырған. Сылтаулары – кәріз жүйелері көне, құбырлардың тозығы жеткен. Ал жергілікті мәслихат депутаттары «бұл халықты қанау» дейді.

Өткен аптада осы мәселеге орай арнайы алқалы жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев және облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты. Монополистер мен халық қалаулылары арасындағы екі жақты уәжден түсінгеніміз, Монополистер коммуналдық қызмет ақысын, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, энергия көздерін үнемдеу мақсатында көтеруге мәжбүр болуда.

Сонымен мемлекеттік мекемелер осы кезге дейін пайдаланған 3м. куб су үшін бұған дейін айына 100,46 тиын төлеп келген болса, қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 106,67 тиынды құрамақ. Ал «Энергопоток» ЖШС жеке тұлғаларға 1квт. қуатты жеткізіп бергені үшін 12,11 тиын алып келген болса, енді бұл сома 15 теңге деп бағаланып отыр. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС сағатына пайдаланған 1 квт. электр қуатына 4,25 тиынды белгілеп отыр, ал осыған дейін Сіз бе біз 3,76 тиын төлеп келгенбіз. Көгілдір отынның жайы да көңіл көншітпей отыр. Себебі, еліміз газды көрші Өзбекстаннан тасымалдайды. Биыл тасымалдау бағасын көршілер 17%-ға бір-ақ көтеріп жіберді. Бұл да айналып келгенде халықтың қалтасын қақпақ. Сала мамандары бұл қымбаттауды салық төлемдерінің өсуімен, инвестициялық жобалардың көбеюімен де байланыстырады.

Иә, бізде бәрі керісінше болып кетті. Компаниялар халыққа емес, халық оларға жұмыс істейді. Ал тарифтер әбден құзырлы құжатта қатталып болғаннан кейін ғана талқылауға түседі. Сондықтан халық та халық қалаулылары да қымбатшылықтың алдын алуға қауқарсыз күйде қалып қоя береді. Тарифтік саясаттың сыры осында жатыр.

 

Мақпал РЫСБАЕВА

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hPjiKnnWPS4[/youtube]