Асар шағынауданы
Асар шағынауданы
Асар шағынауданы

2012 жылдың желтоқсан айында тура Тәуелсіздікті тойлап жатқан күндері «Асар» шағынауданындағы бір жарым халық ағынсусыз отырды.

Өйткені, «Достық» ауылынан келетін үлкен құбыр үш жерінен жарылып, жергілікті жұрт үш күндей қол жуарға су таппай қиналды.

Бірақ, істің басы-қасында жүрген «Су ресурстары — Маркетинг» мекемесі мәселеге бей-жай қарай алмады. Құбырды жөндеу міндетіне жатпаса да, серіктестік есебінен құбырларды жөндеп, шағынаудан тұрғындарына таза су жеткізді.

Сапасыз істің салдарын Асарлықтар бірінші рет көріп отырған жоқ. Ұзындығы 3,5 шақырым, диаметрі 315 мм-лік бас құбырдың қайта-қайта жарыла беруі, әсіресе, ішкі желілерді де тоздырып біткен. Жылына 7-8 рет осындай олқылық орын алады дейді ашынған тұрғындар.
Ал «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғызылған «Асар» шағынауданына тазасудың ең бірінші кезекте керек екені, айтпаса да түсінікті шығар. Өйткені, мұндағы жұрт бар нәпәқасын да, баспанасының несиесін де жылыжайында өскен өнімінен түскен қаржымен төлейді ғой. Тамшылатып суару әдісі бойынша өсіретін көкөністерге тіршілік нәрі ауадай қажет.

«Асар» шағынауданының төбе биі Мінәйімбек Салыбаев: «Су өшсе, біздің жылыжайдағы көкөніс болмайды деген сөз. Ал ондай жағдайда ипотекалық несиені төлеу дегеніңіз қиынға соғары анық. Алдымызда әлі суық келе жатыр. Сондай ақ қар, көк мұзда орталық құбыр тағы жарылса, мұндағы жұрттың ахуалы не болмақ» — дейді.

Қазір «Су ресурстары — Маркетинг» мекемесі мердігерлерге жауапкершілікті мойнына алдыру үшін жергілікті билікке хатпен шығып жатыр. Ал оған дейін Асардағы ағайын сусыз қалмасын деп өз есебінен көмек беруді жалғастыруда. Бірақ су құбырлары серіктестіктің балансына әзірге өте қойған жоқ. Осылайша, міндетіне жатпаса да, мекеме тұрғындарға қол ұшын созып жатыр.

Бекмұрат Әкімбаев, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің учаске бастығы: «Біз өз жағымыздан хат жіберіп жатқанымызбен, мердігерлердің келісімдік міндеттері бар. Олар бар олқылықты 2013 жылдың наурызына дейін жасау керек. Өзіңіз көріп отырғандай, өз міндетін ешкім жасап жатқан жоқ. Құбыр апатын «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС өз есебінен жүргізіп жатыр. Халық сусыз қалмау керек».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EZigS9vAsRg[/youtube]