Оңтүстікте сел жүруі мүмкін

239
Сел болуы мүмкін
Сел болуы мүмкін

«Қазгидромет» ОҚО-да жаңбыр жауып, сел жүруі мүмкін деп ескертеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 11-12 қаңтар аралығында жаңбыр жауып, соның салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өзендерінде су тасып, сел жүріп, өңірдің жекелеген аймақтарын су басуы мүмкін.

Бүгін 11-қаңтар күні Шымкентте таңертең күн райы бұлтты. Сынап бағанасы 6 градус жылылықты көрсетіп тұр.