Оңтүстіктің өнеркәсібі өрлеп келеді

511
Өнеркәсіп дамып келеді
Өнеркәсіп дамып келеді
Өнеркәсіп дамып келеді

Оңтүстік өңірі республика бойынша өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші бойынша үшінші орынға табан тіреді. Жаңа бастамаларды жүзеге асыруда тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылығы осылай дейді. Мәселен 2012 жылы облыста 444 млрд. теңгенің тауары шығарылыпты. Бұл өңіріміздегі өнеркәсіптің өрлеуін көрсетеді. Бұдан бөлек, оңтүстік экономикасын дамытуға 315 млрд. теңгенің инвестициясы тартылыпты.

Қанат Сыдықов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы: «Біз былтырғы жылдың өзінде сараптама жүргізу арқылы бірнеше жобаларды индустрияландыру жобасынан шығарып тастадық».

Айта кету керек, облысымызда индустрияландыру картасына 111 инвестициялық жоба енген. 2012 жылы жергілікті кәсіпкерлер 29 жоспарды жүзеге асырды. Бұл тұрғыда өткен жылы аудан-қалаларда ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының да көмегі көп.

Қанат Сыдықов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы:»Біз агенттікке хат дайындап отырмыз. Бізде жылда өндірілетін тауарлардың саны артып келеді. Былтыр 163 шағын субъектілер 14 млн. теңге өндірсе, биылдың өзінде үш есе артық».

Жалпы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы тындырылған тірліктердің көрсеткіші көңіл қуантарлық. Басқарма өнеркәсіп өнімінің көлемін 500 млрд. биыл теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Ал индустрияландыру картасы аясында 40-тан астам жобаны жүзеге асырып, 7 мыңдай жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ECq-HbNxVuM[/youtube]