ОҚО ақын-жазушылары есеп берді

910
ақын-жазушылар жылды қорытындылады

Әкімдіктегілер әдеби ортаға жақындай түсті. Жергілікті билік өкілдері ақын-жазушылардың өзара шығармашылық байланысына жағдай жасауға уәде етті. Осы орайда жуырда Шымкент қаласынан жазушылар одағына арнайы ғимарат бөлінбек. Бұл туралы шығармашыл қауымның есеп беру жиынында мәлім болды.

ақын-жазушылар жылды қорытындылады
ақын-жазушылар жылды қорытындылады

Биылғы жетістіктерімен бөліскен ақын-жазушылар келер жылғы жұмыс жоспарларын да бекітіп алды. Алдағы уақытта одақ жанынан жас қаламгерлердің шығармашылығын ортаға салатын әдеби кеңес құрылатын болды. Ал ақын-жазушылардың бұл бастамасына қолдау көрсетіп отырған билік өкілдері қалам ұстаған қауымды қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадүр Нарымбетов шығармашыл қауымның абыройын дұрыс пайдалану қажеттігін алға тартты.Онымен қоса жаңадан жарық көріп жатқан жергілікті қаламгерлердің кітаптарын насихаттауға көмек қолын созуға уәде етті.