Оңтүстіктің самбошылар Сарыағашта жиналды

216
Бас жүлдені жеңіп алу үшін оңтүстіктің барлық аудандарынан палуандар жиналған

Ауа-райының қолайсыз болуына қарамастан Сарыағашата самбодан облыс біріншілігі өтті. Жастар арасында өткен дода спорт шебері Жұмабек Тастановты еске алуға арналды. Облыс кубогін жеңіп алу үшін 240 самбошы оңтүстіктің бір қатар аудандарынан арнайы келіпті.

Кубокіт жеңіп алуға үмітті Жексен Жамбыл спорттың бұл түрімен бес жылдан бері шұғылданып келеді. Жексен алғашқы жекпе жекте қарсыласынан 9-5 есебімен басым болып, келесі айналымға жолдама алды.

Бас жүлдені жеңіп алу үшін оңтүстіктің барлық аудандарынан палуандар жиналған
Бас жүлдені жеңіп алу үшін оңтүстіктің барлық аудандарынан палуандар жиналған

Жексен Жамбыл, жарысқа қатысушы: «Бұл жарыста өзіңді көрсете алсаң құрама командаға ілініп қалуың да әбден мүмкін. Бір жағынан сол себепті де чемпион болғым келеді. Оның үстіне жарысқа келген соң құр алақан қайтқым да келмейді. Жеңіске жетемін деп ойлаймын».

Бұл жарысқа Жұмабек Тастановтың бауырларымен жолдастары да арнайы келген. Бұл турнирді дәстүрге айналдырып, алдағы уақытта доданың шеңберін де кеңейтуді көздейді. Дегенмен, алғашқы жарыстың өзіне осыншама спортшылармен жанкүйерлер жиналады деп ұйымдастырушылар күтпепті.

жарыстан естелік
жарыстан естелік

Айнабек Пердеев, Ж. Тастановтың ағасы: «Жарысқа көп жанкүйер жиналады деп күтпеген едім. Бауырымды ұмытпай келіп отырғандарына ризамын. Бұл турнирді енді дәстүрлі етсек деп жоспарлап отырмыз».

Нәтижесінде Түркісатнның спортшылары облыс кубогін жеңіп алды. Ал Шымкенттік палуандар күмістен алқа тақты. Алаң қожайындары үшінші орыннан көрінді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=l0cWWQOoLZU[/youtube]