Оңтүстік шенеуніктерінің басым бөлігі сауатсыз

198
Мемлекеттік қызметкерлер үш жылда бір рет біліктілігін арттырып тұрады
Мемлекеттік қызметкерлер үш жылда бір рет біліктілігін арттырып тұрады
Мемлекеттік қызметкерлер үш жылда бір рет біліктілігін арттырып тұрады

Сауатсыз шенеуніктердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Тек біздің өңірде ғана мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы аттестациядан өте алмай құлаған. Еліміздің қолданыстағы заңдары бойынша өткен емтиханнан мыңға жуық қызметкер сүрінген. Кейбірі күні бүгінге жұмыстан да кетіп үлгеріпті. Облыс әкімдігі нашар көрсеткішке ие болғандармен күресін бастап та кетті.

Оңтүстік шенеуніктерінің ел аузындағы әзіл әңгіменің кейіпкері болуы ғажап емес. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сауатсыздары көптігі бойынша өңіріміз көш бастап тұр. Негізгі себеп – кейбір атқамінерлер еліміздің заңдарын жатқа білмейтін болып шықты. Үш жылда бір келетін аттестациядан мыңға жуық қызметкер оңбай сүрінген.

Ермағанбет Бөлекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аймақтық басқарамасының бастығы: «Мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтуі міндетті. Бірінші кезеңде олар тест тапсырды. Бірден 1073-і сүрінді, көрсеткіштері нашар болды. Көбісі оқымайды, өздерінің білімін жетілдіруге көңіл де бөлмейді. Енді біз, қолданыстағы заңды кімнің білмейтінін білеміз».

Аттестация сұрақтарына жауап беру үшін, шенеуніктерге үш сағат беріледі. Үш рет қанағаттанарлықсыз баға алғандары бірден қызметтен кетеді. Өңірімізде 51 мемлекеттік қызметкер сынақтан осылай 3 ретте де өте алмаған. Олардың басым бөлігі аудандарда қызмет еткендер.

Ермағанбет Бөлекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аймақтық басқарамасының бастығы: «Мен ойлаймын, сауатты адам ауданда жұмыс істемейді деп. Білімі барлар жоғарыға ұмтылады. жоқтары қала береді».

Сауатсыздықпен күрес осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Мәселен, олар үш жылда бір рет міндетті түрде біліктілігін арттыратын курстарға барады. Ал сынақтарға алты ай дайындалады. Төлебилік жас маман Әсем Асанқызы жуырда алғашқы сынақтан өтеді. Қазірден бастап, Ата заңымызды жаттап жүр. Қызметінен айрылып қалам ба деп қорқады.
Әсем Асанкызы, жас маман: «Мен конституцияны жатқа білемін деп айта алмаймын. Бірақ орташа білемін. Жалғыз мен емес барлығында осындай жағдай. Оның үстіне заңдарда үнемі ауыса береді».

Сынақтан өткендердің де еркінситін жөні жоқ. Өйткені елімізде мемқызметішлерді енді екі топқа бөлмек. Сонда А корпусында тек білікті де, білімділері жұмыс істесе, Б корпусында кімдердің қызмет ететінін өзіңіз сараптай беріңіз.