Оңтүстікте «тірі жетімдер» көп

2509
Барлық бала бақытты болуға лайық
Барлық бала бақытты болуға лайық

Облысымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны — 3321. Былтыр балалар үйінде 382 бала тәрбиеленсе, биыл олардың саны — 388. Есесіне оларды асырап алушылардың да қатары қалың. Бірақ,  әлеуметтік жетім балалардың, яғни тірі жетімдердің саны артып отыр.

Бір жастан енді асқан Амир бөбектер үйіне  шақалақ кезінде келген. Тастанды балақай зерек әрі алғыр болып өсіп келеді. Шымкенттегі бөбектер үйінде Амир секілді 19 бала бар. Былтыр олардың саны 30 болған екен. Ал қалғандары тірі жетімдер. Бөбектер үйінің директоры Гүлнәр Таукебаеваның айтуынша, мұнда 76 бөбек бар. Оның 90 пайызы әлеуметтік жетімдер. Яғни аналары себепті жағдайларға байланысты уақытша бөбектер үйіне тастап кеткен. Мұнда темір тордың аржағындағы аналармен қатар, ұзақ мерзім емделіп жатқан шешелер мен тағдыр тәлкегіне түскен бойжеткендердің де балалары бар.

Мойындау керек, соңғы жылдары елімізде өмірде бар ата-анасынан мейірім көрмеген әлеуметтік жетім балалардың саны

Тастанды
Тастанды

артқан. Халықымыз мұндайларды «тіра жетім» дейді. Олар «Үміт» тобында тәрбиеленеді екен. 2011 жылы осы орталықтан 30-дан аса тастанды бала асыраушыларға берілсе, былтыр 19-ы «жетім» деген статустан арылыпты. Асырап алушылар неге аз десек, бізге келетін жетімдер күрт азайды дейді Гүлнәр Таукебаева. Жақсы сөз жарым ырыс, лайым жетімдеріміздің қатары азайғай. Осы тұста өңіріміздегі жетімдер санына жіті тоқталғанды жөн көрдік.

Қаймағы бұзылмаған оңтүстіктің өзінде 3321 жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған бала бар. Оның 2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбие де болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде. 114-і жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр, ал 76-сы бөбектер үйін паналауда. Жетімін жылатпаған ел барын салып, балаларды асырап алушылардың да қатарын көбейткен. Өткен жылдың өзінде өңірімізде тастанды 494 бала асыраушыларын тапқан. Соның ішінде мемлекетіміздің азаматтығы бар туыстарымен — 406 бала,  азаматтығы жоқ яғни шет ел азаматтары – 3баламызды асырап алған. Ал 85-і еліміздің азаматтарымен асыранып алынған. Сонымен қатар, 2277 бала қорғаншылықта болса, 407 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Қоғамның негізгі мақсаты жетім балалардың, оларға арналған арнайы мекемелердің санын азайту.

Сол себепті де елімізде бала асырап алушылар үшін барлық жағдай жасалып, 2012 жылдан бері жұмыс істейтін www.usynovite.kz сайты қызмет көрсетеді. Мұнда тастандылар туралы барлық мәлімет бар. Сайтқа кіріп, жаныңызды жұбастсын деген баланың жынысын, көзін, шашын, тілін, жергілікті жерін анықтап, толық мәлімет алуға болады. Бала асырап аламын деп ниет білдіргендерге бірінші жолсілтеуші де осы.

Дүниеге бес ай бұрын келген-Севинчте тастанды

Ескеріңіз, кез-келген бала асырап алуға берілмейді. Баланың статусы анықталады. Егер тастанды бала болса, ата-анасы іздестіріліп, ата-аналық құқығынан айыру керек. Егер анасы бас тартқан болса, нотариалды түрде куәландырылған арызы болуы керек. Тиісті жұмыстар жүргізілгеннен кейін бала асырап алушылығы анықталып, қорытынды шыққаннан кейін асырап алушыларға танысуға мүмкіндік беріледі. Бірақ, асырап алуға ниет білдірген ата-аналардың көбі үлкен балаларды алуға психологиялық жағынан дайын емес дейді мамандар. Себебі оларда қорқыныш, үрей басым екен. Оларды «ертең ол айтқанымды тыңдамай кетсе, маған қарсы шықса» деген күмән болады дейді. Сол себепті де, ниет білдірген азаматтардың көбі жаңа туылған сәбиге сұраныс береді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1jvGJv_hpL4[/youtube]