Қаңтардың 22-сіне дейін «Ордабасы» футбол командасының аяқдопшылары Түркияда оқу жаттығу жиынында шеберлігін шыңдайтын болады. Алғашқы жиынға Шымкенттен тек жергілікті футболшылар ғана жол тартқан болатын. Алайда Түркияда олардың қатарын бірқатар легионерлер толықтырды.
1. Мохаммед Арури өткен маусымда ордабасылықтардың қатарында Қазақстанның суперкубогін сарапқа салып, кейіннен европалық аренада ептілік танытқан болатын. Алайда, маусым аяқталмай жатып-ақ Туниске қайтуға мәжбүр болған еді. Жарақат алып қалыпты. Жуырда ғана бұл қорғаушы «Ордабасымен» қайта келісім шартқа қол қойды.
2. Мансур Гуйе — шымкенттіктерге шебер соққан голдарымен есте қалды. Алайда, биылғы маусымды ол қостанайлық команданың сапында өткізеді деген сыбыста жүрген болатын. Бұл сөздерге нүкте қойылып, ол да «Ордабасының» қатарын толықтырды.
3. Бабатунда Колинз — нигериялық легионер де шымкенттік команданы таңдапты. Бұл ойыншы да ептілігімен оңтүстік жанкүйерлерінің көңілінен шыға білген. Бабатунда келесі маусымды «Ордабасымен» бірге өткізеді.
Сондай-ақ, тағы бір легионер Эндрю Мвесигма оңтүстік құрамында екені белгілі. Бұл бастама ғана. Әлі алда екі жаттығу жиыны бар. Ол дегеніміз команданы әлі бірнеше ойынша толықтыруы әбден мүмкін. Ал ел чемпионаты наурыздың тоғызы күні Шым қалада бастауын алады. «Ордабасы» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.