Жаңа Жыл мерекесінде пиротехникалық заттан облыста 3 адам зардеп шекті. Оның екеуі ересек, біреуі 9 жастағы оқушы. Офтальмологиялық ауруханаға түскендердің қазір жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Жарақат алуға от шашуды дұрыс қолданбау себеп болған. Умид Турсуматов жаңа жылдың алғашқы күнінде ауруханадан бір-ақ шықты. Атылған отшашуды тамашалаймын деп жүріп, от басқанын байқамай қалыпты. Көзін жарақаттап алған балғынның қасында ересектер болмаған.
Умид Турсуматов, қала тұрғыны: «Екеуміз аулаға шыққан едік. Салют атып жатыр екен. Өзім атқан жоқпын».
Ахмед Кулиев облыстық офтальмологиялық аруханасының дәрігері: «Диагноз, конюктивит петарданың пакеті атылған салдарынан баланың көзі, қабағы күйген, орта дәрежедегі контузия алды».
Мерекелік отшашулардан жас балалар ғана емес, ересектер де зардап шекті. Солардың бірі — сайрамдық азамат Жаңа жылды аурухана төсегінде қарсы алуға мәжбүр болды.
Әділжан Сүлейменов, Сайрам ауданының тұрғыны: «31-желтоқсанда 12-ден кейін далаға шыққан едім, көзіме от ұшқыны түсті, дер кезінде медициналық көмекке жүгіндік».
Жаңа жыл мерекесі өтті, алайда шымкенттік дәрігерлер босаңсымауға шақырады. Өйткені оқушылардың қысқы каникулы әлі аяқталған жоқ, оған қоса пиротехникалық заттар әлі де сатылып жатыр. Сондықтан да офтальмологтар сақтық шараларына мұқият болуды кезекті рет ескертеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5h-RqJy6S88[/youtube]