Қаралы жиынға қала басшысынан бастап, жастарға дейін көптеп жиналды

Бүгін, 31 қаңтар Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Қаралы күн 29 қаңтар күні Алматы маңында 21 адамның өмірін қиған ұшақ апатына байланысты жарияланды. Кеше түнде  «Шымкент жастарының» бастамасымен қаза болған азаматтарға арналған аза тұту шарасы ұйымдастырылды.

 

Ұшақ апатында қаза тапқандардың рухына тағзым етушілер түнгі сағат онда жиналды. Тым кеш болуына қарамастан олардың санында шек жоқ. Барлығы Ордабасы алаңынан бастап, Тәуелсіздік тақтасына дейін қолдарына шырақ алып жүріп өтті. Осылайша Святослав Бабаян мен бортсерік Дина Асфендиярованы еске алды.

Қаралы жиынға қала басшысынан бастап, жастарға дейін көптеп жиналды
Қаралы жиынға қала басшысынан бастап, жастарға дейін көптеп жиналды

Вера Аллегровна, марқұмдардың әріптесі: «Марқұмдармен бірге жұмыс істедік, қайғымыз бен қуанышымызды бөлісіп жүрдік. Олар өмірден ерте кетеді деп ойламадық. Екеуі де ашық жарқын, ең бастысы адамгершілігі мен жауапкершілігі мол әріптесіміз еді. Амал қанша…Бұлай болады деп кім ойлаған. Жылай жылай, әлі ес жия алмай жатырмыз».

Еске алу митингіне  «SCAT» әуекомпаниясының өкілдері де келді. Алматы түбінде құлаған ұшақ дәл осы компанияға тиесілі. Олар марқұмдардың отбасына барынша көмек көрсетеміз деді. Әр қайсысына 3 млн. теңгеден қаржы бөлмек. Қала билігі де қол ұшын созудын шет қалмаймыз деп отыр.

Қайрат Молдасейтов,қала әкімі: «Екеуі де жас. Тас түскен жеріне ауыр. Бүкіл ел болып,марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз.Енді көк туымыз төмен түспесін деп тілейік».

ордабасы

Бұл күні Тұғырдағы ту төмен түсті. Бар қазақтың қабырғасы қайысты. Көктегі көк тудың бұған дейін түсірлігеніне әлі 40 күн де тола қоймаған еді. ол кезде Шымкент маңында ұшақ апатқа ұшырап аза тұтып еді жұрт.

Бауыржан Молдабеков, «Шымкент жастары» мекемесінің бөлім бастығы: «Қайтыс болғандардың басым бөлігі жастар. Сол жанымызға батты. Кішкентай бүлдіршінде бар. Марқұмдардың отбасының қайғысына ортақпыз».

Ал қызмет бабында қайтыс болған азаматтардың мәйіті туған жерге ертең әкілінеді. Оларды соңғы сапарға шығарып салу әуежайдың өзінде өтеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7gDAJmtBCW4[/youtube]