Азабау тағындық

953
Әріптесіміз Жазира Сәрсенбиева
Жаңа күн сазды ақпараттық бағдарламасы
«Жаңа күн» сазды-ақпаратты бағдарламасы

«Отырар» телеарнасы «Аза күнінде» бірге болайық, бауырлар!» бастамасын қолдап, бүгін таңертеңгілік жаңалықтар мен «Жаңа күн» бағдарламасына тележүргізушілер азабау тағынып шықты.

Әріптесіміз Жазира Сәрсенбиева
Әріптесіміз Жазира Сәрсенбиева

Мамырдың 31-і – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақты қырған отызыншы жылдардағы қолдан ұйымдастырылған ашаршылық пен ұлттың бетқаймақтарын «халық жауы» атандырған саяси қуғынның құрбандарын еске алу күні қарсаңында әлеуметтік желіде белсенді топ «Аза күнінде бірге болайық, бауырлар!» атты игі-істі бастама етіп көтеріп отыр. Қоғамдық бастаманың басы қасында  есімдері елге белгілі Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлы, Айдос Жақанұлы, тағы басқа сайдың тасындай қазақтың жігіттері жүр.

Игі шара алдымен азабау таратумен басталды. Бүгінде Фейсбугте азабау тағынғандардың қатары көбейіп жатыр.  Алматыда тігілген азабау Шымкентке де жетті.

«Отырар» телеарнасына азабауды облыс әкімдігі апарат басшысының орынбасары, облыс әкімі баспсөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли жеткізді.

Таңғы жаңалықтардың жүргізушісі Еркінай Оразова
Таңғы жаңалықтардың жүргізушісі – Еркінай Оразова