Шымкентте гектарлаған жерлер заңсыз түрде таратылып келген. Мұндай сұмдықтың бетін өңір прокурорлары ашып, жұртқа жариялады. Оңтүстіктегі сорақылық жалғыз бұл емес, соңғы кездері дәрігерлерге қатысты шағымдар да тым көбейіп барады. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен жиында айтылды.
Қадағалаушы органның мамандары Шымкенттегі 800 гектардан астам жер телімінің заңсыз таратылғанын анықтады. Енді осыншама жерді атасынан қалған мұрадай үлестіргендер жазаға тартылады. Облыс прокуроры осылай деп қадап айтты.
Сондай-ақ, өткен жылы қызметіне салғырт қарағандар дәрігерлердің үстінен 149 шағым түскен. Ал биыл айналдырған екі аптаның ішінде ақ халаттыларға көңілі толмаған 2 азамат шағымданған.
Жыл сайын өршіп бара жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыс та қадағалаушы органның назарында. Осы мақсатта прокуратурада мобильді топтар құрылып, жеткіншектерді қылмыс әлеміне жетектеушілердің өзегіне балта шаппақ.
Өткен жылды осылай қорытқан облыстың құқық қорғаушылары келер жылы заңдылықты қадағалауды бұдан да қатайтамыз деп білек сыбанып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DQKRuFq99eI[/youtube]