«Айдаһар сарбаздары» атты турнир Шымкентте жалауын көтерді. Аспан асты елінде шыққан ушу саньда спорт түрімен бүгінде оңтүстікте де бір қатар жастар шұғылдануда. Ал жуырда ғана өткен турнир оның айғағы болды. Оның үстіне бұл жолғы жарысқа Өзбекстанмен қырғызстаннан да палуандар келіпті. Бар жоғы 200 спортшы.
Евгений Биев, жаттықтырушы:
«Жарысқа келген спортшылардың дайындығын көріп, бір қуанып қалдық. Оның үстіне бұл жарыс тәжірибе жинақтау үшін қажет қой. Сол үшін де қатысушылар көптеп жиналды. Жарақат та болмады, ең бастысы сол деп ойлаймын.»
Жасөспірімдер арасында жарақат алған жеткіншектер болмады, алайда ересектер жағы бір бірін қатты тоқпаққа алды. Оныі ішінен Шымкенттіпен өзбекстандық спортшы арасындағы жекпе жек жиналғандардың есінен көпке дейін шықпасы сөзсіз.
Ал Қазақстанның екі дүркін чемпионы Әйгүл Меденова халықаралық турнирде төреші болды. Алаңға спортшы ретінде шығуға сәті тумай отыр. Өйткені тиісті қарсылас жоқ.
Үш күндік жарыстың нәтижесі бойынша айдаһар сарбаздары атағына алаң қожайындары ие болды. Ал екінші орынды тараздықтар еншілесе, өзбекстандық қонақтар алғашқы үштікті қорытындылады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dEh_AHVC5bg[/youtube]