Шымкентте футболдың қамын күйттеген делегация жүр

276
ҚФФ-сының арнайы делегациясы

Премьер лига командаларының әрбірінің жанынан арнайы «Футбол орталығы» ашылуы тиіс. Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Анатолий Юрьевич бастаған бір топ мамандардың алға қойған мақсаты осы. Қазіргі таңның өзінде 7 клуб осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда. Енді ордабасылықтар да бұл жаңалықты өзіне енгізуге міндетті.

ҚФФ-ның арнайы делегациясы жиынның бисмілләсін олардың сауатсыз екенінен бастады. Сөзді бастаған Анатолий Юревич осыған дейін жеті облыста да осындай жағдай болғанын айтты.

ҚФФ-сының арнайы делегациясы
ҚФФ-сының арнайы делегациясы

Анатолий Юревич, ҚФФ-сының спорттық директоры: «Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы футболындағы проблемалардың бірі бапкерлердің кәсібии сауатсыздығында. Жеті облыста да осындай қиындыққа тап болдық. Егер сіздер біздің өңірде олай емес десеңіз қателескен боларсыз. Дәл солай болады. Оқу барысында қай жерде қателік жібергініңзді түсінесіз».

Бұл бағдарлама  неміс мамандарының бұрыннан қолданып келе жатқан жүйесі. ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш болып бір жүйе бойынша футболды дамыту жолын таңдап отыр. Жақын күндері делегация бапкерлер арасында іріктеу жасап, Шымкенттің футбол базасымен де танысады. Содан кейін қай бағытта жұмыс жасау қажеттігі қолға алынады.